Ирода қайтарымсыз грант алып, кәсіп бастады

«Бизнес-бастау» жобасын іске асыру мақсатында қайратымсыз грант ұтып алған ерекше жобаның бірі — Түркістан қаласының тұрғыны Каримова Ирода Балтабайқызы. Ирода мемлекеттен кәсіп бастау мақсатында алған қаражатқа сән-салонына қажетті құрал-жабдықтарды сатып алған болатын.

— Кәсіп бастаймын деп ниеттенген адамға мемлекет тарапынан берілетін мүмкіндік көп екен. Соның бірі – қайтарымсыз грант. Тәуекелге бел буып «Кәсіпкерлік негіздері» бойынша онлайн оқып, сертификатымды алдым. 2023 жылдың қыркүйегінде 3 лек бойынша грант комиссиясына қатысып, бизнес жоспарым оң шешімін тапты. Ойда жүрген кәсібімді бастап кеттім, — дейді Ирода Балтабайқызы.

Айта кетейік, өңірімізде биыл грант беру жұмыстары 2 лек бойынша жүзеге асты. Бірінші лек өтінімдері мамыр айында қабылданса, екінші лек өтінімдері шілденің 15-26 күндері қабылданды.

Жалпы ағымдағы жылы облыста еліміздегі еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 1793 грант беру жоспарланған. сала мамандарының мәлімдеуінше, жаңа бизнес-идеяларды қолдауға арналған жобаға облыс көлемінде бірінші лек бойынша 2 471 азамат өтінім білдірген. Бизнес-жобаларын қорғауға 2 097 азамат қатысты. Нәтижесінде 897 азаматтың бизнес-жобасы мақұлданды. Ал, қалған 374 азамат белгісіз себептермен комиссия отырысына қатыса алмаған.

Комиссия мүшелері бизнес-жобалардың өміршеңдігіне, бәсекеге қабілеттілігіне және үміткердің кәсібилігіне өкілдер тарапынан баса назар аударады. Комиссияның шешімімен оң қорытынды алған бизнес-жобалардың 271-і өндіріс саласына, 227-сі ауыл шаруашылығы саласына, 298-і қызмет көрсету саласына, 91-і тамақ өндірісі саласына, 10-ы құрылыс заттарын өндіруге бағытталған екен.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *