WhatsApp жаңа хабарламаны редакциялау функциясын қосады

WhatsApp пайдаланушыларға хабарламаларды редакциялауға мүмкіндік беретін жаңа функция қосылғанын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC News-ке сілтеме жасап.

Компания хабарламаларды жіберілгеннен кейін 15 минут ішінде өңдеуге болатынын мәлімдеді.

Лезде хабар алмасу қызметі Facebook пен Instagram-ға иелік ететін америкалық технологиялық алпауыт Meta-ның бөлігі.

Бұл мүмкіндік алдағы апталарда WhatsApp-тың 2 млрд пайдаланушысына қолжетімді болады. Әлеуметтік желі қызметін пайдаланушылардың ең көп саны — Үндістанда (487 млн).

Енді өңделген хабарлама алушыларға мазмұнның өзгертілгенін хабарлау үшін «редакцияланған» деп белгіленеді. Алайда, оның уақыт өте келе қалай өзгергені оларға көрсетілмейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *