Лейла ұзатылатын қызға арнап жасау тігеді

Лейла Әбдімәжитқызы Ордабасы ауданының тұрғыны. Көпбалалы ана. Лейланың негізгі мамандығы мұғалім. Дегенмен, ол балалары үйелмелі-сүйелмелі болғаннан кейін өз мамандығы бойынша жұмыс істей алмады. Лейла апай өте іскер әйел. Бала күтімімен үйде отырып-ақ табыс табудың көзін тауып, бүгінде сол сүйікті ісі кәсібіне айналып үлгерген.

Ордабасы ауданынанда оның жеке дүкені де бар. Ұзатылатын қыздардың артынан апаратын жасауын дайындап, сатады. Қолында 5 қызметші қызмет етеді. Олар қыз жасауына қажетті заттарды тігеді. Лейла апаймен тілдескенімізде, ол жұмысқа негізінен өзі секілді көпбалалы аналарды алғанды құп көретінін айтты. «Өйткені, кезінде мен де бала күтімімен үйде отырғанда қандайда бір кәсіп істеп, ақша тапсам екен деп армандайтынмын. Балалы аналардың таңнан кешке дейін жұмыс істеуге мүмкіндігі бола бермейді. Сондықтан, оларға арнайы график түзіп, ыңғайлы уақыт қарастырып қойғанмын. Бұл кәсіпті ашқандағы басты мақсатым көпбалалы аналарды жұмысқа тарту. Олардың да болашақта өз кәсіптерін ашуына септігімді тигізу. Кейде бізге тігін машинасына отырып көрмеген де аналар келеді. Оларды өзіміз оқытып, үйренеміз», — дейді Лейла апай.

Лейла апай бұл кәсібін мемлекет тарапынан грант ұтып алып, ашқан екен. Мемлекет тарапынан қолдау болып жатса, кәсібімді ұлғайтар едім деген арманын да жеткізді. Кәсібін кеңейту мақсатында бүгінде ол мата сатумен де айналыса бастапты. Әзірге аяқ алысы жаман емес. Әсіресе, жаз мезгілінде сұраныс жоғары болады.

Құрақ құрау Лейла үшін әлемдегі ең ғажап іс. Өз осы істі сүйіп істейді. Әрбір құрағын махаббатпен құрайды. Сондықтан да тұтынушылар оның ұзатылатын қыздарға арнап дайындаған жасауын ұнатады. Кез келген шебер өз ісін ықыласымен істесе, теңдесі жоқ ерекше дүние шығары сөзсіз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *