Ордабасылық кәсіпкер мүмкіндігі шектеулі балаларға қуаныш сыйлады

Дана халқымыз «жылуы жоқ жүрек –құр кеуде » — деп ұрпағын қайырымдылық пен мейірімділікке тәрбиелеген. Жақсылыққа ұмтылған жан алдымен қайырымдылық жасайды. Біздің ауданымызда мейрімді, жанашыр жандар көп табылады. Солардың бірі, жеке кәсіпкер Абишева Сындыгүл Қасымханқызы Шұбарсу ауыл округі бойынша бөлімшемізде тіркелген мүмкіндігі шектеулі балаларға балаларды Шұбарсуда орналасқан «Бибісара» ана балалар ойнайтын ойын-сауық алаңдарына апарып, ойнатты. Сонымен қатар, балалар мен олардың ата-аналарына арнап дастархан жайды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балаларға көңіл аударып, оларға қамқорлық жасау. Мұндай іс-шаралар балалардың оңалуы мен қоғамға бейімделуіне септігін тигізетін болады.

Айта кетейік, облыс халқының 38 пайызын балалар құрайды. Олардың 155 мыңнан астамы балабақшада, 520 мыңы мектепте тәрбиеленуде. Еліміздегі әрбір 7-ші оқушы Түркістан облысында тұрады. Бұл республикадағы ең жоғары көрсеткіш. Өңірде балалардың жан-жақты дамуына барынша жағдай жасалуда. Балабақша, мектеп, «Оқушылар сарайы», түрлі өнер және спорт үйірмелері жұмыстарын бір сәт те тоқтатқан емес. Ұрпақ тәрбиесіне және мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамға бейімдеуге өңір кәсіпкерлері де үлкен үлес қосып келеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті салаларға ерекше күтімді қажет ететін балаларға көңіл бөлуге жиі тапсырма береді. Психологиялық-медициналық педагогикалық кеңес беру (ПМПК) желілерін күшейту қолға алынған болатын. Соның нәтижесінде бүгінле елімізде ПМПК саны 100-ге, ал, оңалту кабинеттерінің саны 210-ға жетті. Ондағы мақсат – балалардың дамуында ауытқу барын ерте жастан анықтап, қатарға қосу.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *