Жадыраның перде тігетін шеберханасы бар

Жас кәсіпкер Каипова Жадыра Нұралыққызы Қазығұрт ауданы, Сарапхана ауылдық округінің тұрғында тұрады. Ол өз кәсібін бастау мақсатында 2,5 пайыз жеңілдетілген несие алу үшін бизнес жобасын ұсынып, нәтижесінде несиеге қол жеткізген болатын. Бүгінде Жадыра жалюзи шығаратын шеберхана ашып, оған қажетті құрал-жабдықтар мен шикізат сатып алған.

Қазіргі таңда ауылда, аудан көлемінде жалюзге және перде тігуге ұсыныстар түсіп тұтыныушыларға жеткізіп және одан әрі кәсібін дамытуда. Кәсібін бастаушы жастарға 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие алуға кеңес берді және өз бизнестерін бастауға сәттілік тіледі.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әйелдердің қоғамдағы рөлін кеңейте түсу – мемлекетіміздің алдында тұрған негізгі міндеттің бірі» – дей келе әйелдердің кәсіпкерлікпен айналысуына, еңбек құқығының сақталуына жағдай жасауды тапсырды. Елімізде, облысымызда әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыру, құқықтарын қорғау бағытындағы жобаларға қолдау көрсетілуде. Нәтижесінде кәсіпкер әйелдер саны артып келеді.

Қазіргі таңда көпбалалы аналар саны бойынша Түркістан облысы бірінші орында. Жалпы, алғанда облыс көлемінде 184 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік жұмыс істейді. Осылардың ішіндегі 45 мыңға жуық әйел шағын және орта бизнеске басшылық жасап келеді. «TURKISTAN» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында КММ-нің өткен жылдың қорытындысы бойынша 1507 бизнес-жоспар жасалған. Аталған бизнес-жоспардың 466-сы – әйелдердің, қыз-келіншектердің идеясы. Сонымен қатар өткен жылға 1007 жоба сүйемелденіп, қаржы қаралған болса, оның 266-сы әйелдер кәсіпкерлігіне тиесілі болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *