ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА “ҰСТАЗ БАРЫСЫ – 2025” САЙЫСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
Отырар ауданындағы “Оқсыз” спорт кешенінде қазақ күресінен “Ұстаз барысы – 2025” байқауының облыстық кезеңі өтті.
Байқау 7 салмақ дәрежесі бойынша ұйымдастырылып, 100-ден астам мұғалім өз бақтарын сынады. Жоғары деңгейде өткен тартысты белдесулер нәтижесінде шын мықтылар анықталды.
Жалпы командалық есеп қорытындысы бойынша 1-орынға Отырар ауданының құрамасы ие болды. Жүлделі 2-орынға Созақ ауданының құрамасы ие болса, 3-орынға Сарыағаш ауданының құрамасы табан тіреді. Сондай-ақ, Төлеби ауданынан келген Әбубәкір Орынбек түйе палуан атағына ие болып, “Ұстаз барысы – 2025” жеңімпазы атанды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге марапаттармен және ақшалай сыйлықтар табысталды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі