Оқу-ағарту министрі неліктен оқу жылының 31 мамырда аяқталатынын түсіндірді

Бүгін Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев министрліктің маңызды міндеттерінің бірі – биылғы оқу жылын табысты аяқтау және балалардың жазғы демалысы мен сауықтыруын сапалы ұйымдастыру әрі қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету екенін айтты.
Биылғы жаңалық — елімізде оқу жылы (34 аптадан) 36 аптаға дейін ұзартылғаны. Осыған сай оқу жылы биыл 31 мамырда аяқталады.
Бұл шешімнің басты негіздері ретінде министр мыналарды атады:
• балалардың отбасында көбірек уақыт өткізуіне қатысты ата-аналар өтініштерінің ескерілуіне байланысты 5 күндік оқу аптасына көшу;
• оқушыларға жүктемені азайту жөніндегі сарапшылар ұсыныстарының қабылдануы;
• оқу аптасының ұзақтығын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарына сәйкестендіру.
«Егер әлемдік тәжірибеге назар аударсақ, ОЭСР елдерінде оқу жылы — 40 апта. Осыған орай әлем оқушылары жазғы каникулда 77 күн ғана демалса, еліміздің оқушылары үшін 13 апта немесе 90 күн демалыс белгіленген», деді министр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *