Калия апа «Күміс жас» жобасы аясында «Қалампыр ана» балабақшасына жұмысқа орналасты

Қазіргі таңда елімізде жұмыссыз жүрген азаматтарды жұмыспен қамту шараларының ішінде ең ауқымдысы – «Еңбек» бағыты. Бұл бағыт аясында әлеуметтік жұмыс орындары ашылып, жұмыссыз азаматтар ақылы қоғамдық жұмыстарға жолданады. «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны» секілді жобалардың барлығы осы бағыт аясында жүзеге асырылып жатыр.

Соның ішінде «Күміс жас» жобасына 50 жастан асқан, жұмыссыз азаматтар зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін қатыса алады. Жобаға қатысу үшін Мансап орталығына өтініш беру керек. «КҮМІС ЖАС» жобасын қаржыландыру Еңбек мобильділігі орталығы жұмыс берушінің жоба шеңберінде жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға еңбекақы төлеуге жұмсаған шығындарының бір бөлігін өтеуге субсидиялар беру жолымен жүзеге асады. Субсидиялар мөлшері: жұмыстың бірінші жылында жалақы мөлшерінің 70% (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын), жұмыстың екінші жылында 65%, үшінші жылында 60% құрайды.

«Күміс жас» жобасына қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыс беруші зейнеткерлік жасқа толмаған адамды кемінде 1 жыл тұрақты жұмыспен қамтуға міндетті. Жусанбаева Калия Кемерқызы аталған жобамен «Қалампыр ана» балабақшасында тазалықшы болып жұмыс жасап жатқан азаматтардың бірі.

— Өткен жылы жұмыс іздеп Төлеби аудандық мансап орталығының қызметкерлеріне жүгіндім. Алғашында жұмыссыз адам ретінде тіркелдім, содан кейін орталық мамандары маған сәйкес жұмыс орындарын ұсынды. Ұсынылған жұмыс орындарының арасынан » ҚАЛАМПЫР АНА» бала-бақшасына «Күміс жас» жобасымен жұмысқа орналастым»- дейді, Төлеби аудандық мансап орталығының баспасөз қызметі.

Жасыратыны жоқ, елімізде жастарға қарағанда егде жастағы адамдардың жұмыс табуы қиын. Зейнеталды жастағы адамдар жұмыс істеп, жинақтаушы зейнетақы қорына жарнасын аударып отырмаса, күні ертең оның зейнетақысы мардымсыз болып қалады. Сондықтан мемлекет «Күміс жас» жобасын іске асырды.

Жобаға қатысушылардың жалақысының жартысын мемлекет, жартысын жұмыс беруші төлейді. Мысалы, жұмыс беруші 180 мың теңге жалақы белгілесе, онда оның 90 мыңын мемлекет төлейді. Жобаға қатысу мерзімі 12 айдан аспайды. Бұл мерзім аяқталған соң, жұмыс беруші зейнет жасына жақындаған адамды зейнетке шыққанға дейін тұрақты жұмысқа алуға міндетті. Міне, осы жоба аясында 2023 жылы Түркістан облысында 2 103 адам жұмысқа орналасты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *