Мақтааралдық жастар қар тазалап, қарттардың батасын алып жүр

Мақтаарал ауданында қардың тынымсыз жаууына байланысты 150-ден астам жұмысшы қар тазалауға жұмылдырылған.
Қатты аязға қарамастан, аталған жұмысшылар кенттер мен елдімекендердегі орталық көшелердің бойындағы, мектепке, балабақшаға және медициналық нысандарға алып баратын жолдардың бойындағы аяқжолдарды, халық көп шоғырланатын орындарды, саябақ пен гүлзарларды қардан тазарту жұмыстарын жүргізуде.
Аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлері жұмысшылардың ерен еңбегін ескеріп, қар тазалау жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшыларға шай, кофе, бәліш, құймақ, самса және тәттілер үлестірді. Сондай-ақ, бейнеттері үшін алғыс айтып, қар күреу жұмыстарына көмек көрсетті.
Айта кетейік, мақтааралдық жас еріктілер жалғызілікті қарттардың тұрғын үй аулаларын қардан тазарту жұмыстарына да белсене атсалысуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *