Сәуле кітапханаға жұмысқа орналасты
Жыл басынан бері Кентау қаласы бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 2270 адам қамтылды.
Биылғы жылдың 1 шілдесіндегі жағдайға сәйкес Субсидияланатын жұмыс орындарына 981 адам орналастырылды. Оның ішінде қоғамдық жұмыстарға 567 адам жолданып, жұмыспен қамтылды.
Биыл қоғамдық жұмыспен Кентау қалалық орталық кітапханасына жұмысқа жолданған II топ мүгедектігі бар Кадырбаева Сәуле «кітап әлемінде» жұмыс жасап жатқанына дән риза. Бүгінде кітапханашы Сәуле бір қызды өзі тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана.
Кентау қалалық Мансап орталығының директоры Жақсылық Қайдауыловтың айтуынша, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру, орындау және жаңа жұмыс орындарын ашу қалада қалыпты деңгейде жүргізілуде. Жұмыссыздар жыл сайын Мансап орталығына тіркеледі. Өткен жылдың соңында қалада 861 адам ресми жұмыссыз ретінде тіркелді. Олардың 475-і жұмыспен қамту іс-шарасына қатысушылар екен.
Бүгінде қалада жұмысынан айырылуына байланысты жәрдемақы алушылардың саны — 328 адамды. Қалған 58 азамат жұмыспен қамту іс-шарасына тартылмаған. Қалада экономикалық белсенді халық саны 37 370 адамды құрады.
— Жұмыссыздарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында жыл сайын өңірлік жұмыспен қамту картасы бекітіледі. Ұлттық жоба аясындағы осы «Өңірлік карта» бойынша 191 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған болатын. Өткен жылы 214 жұмыс орны ашылып, жоспар 111,5 пайызға орындалды. Ал, олардың міндетті зейнетақы жарнасы 99,5 пайызға орындалды. «Еңбек» бағыты аясында өткен жылы 6371 азамат тұрақты және уақытша жұмыс орындарына орналасты, — дейді Жақсылық Қайдауылов.
Мансап орталықтарының мақсаты жұмыс іздеген жандарға қысқа мерзімдік курстарды оқып, кәсіптік оқытудан өту арқылы жұмысқа орналастыру. Бағдарламаны жүзеге асыруда мамандығы жоқ немесе өз мамандығы бойынша жұмыс таппай жүрген тұлғаларды қайта даярлау курстарына оқытып, жұмыс орындарына жолдау.
Өткен жылы қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 36 адамды жолдау жоспарланған. 2023 жылдың 30 қазанында «Электрмен және газбен дәнекерлеуші», «Жылу желілерінің жабдықтарын жөндеу жөнінде слесарь» мамандықтары бойынша жалпы 36 адам оқуға жолданып, желтоқсан айында курсты аяқтады. Игерген мамандықтарына сәйкес олар «Оңтүстік Аймақ Газ» ЖШС-не жұмысқа тұрған.
Сонымен қатар, өткен жылы жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін кентаулық 90 азаматқа мемлекеттік грант беру жоспарланған. Комиссия мүшелері тарапынан 90 үміткердің жобалары қолдау тапты. Ал, жастарға арналған 2,5 пайыздық несиені 35 адамға беру жоспарланған болатын. Конкурстық комиссияның отырысында 12 адамның жобасы қаралып, 9 үміткердің жобасы мақұлданды.
Биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында Кентау қаласы бойынша Мансап орталығында 1865 адам ресми жұмыссыз ретінде тіркелген.
Кентау қаласы бойынша 2024 жылға «Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында 5747 азаматты жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатыстыру жоспарланған болатын. Нақты 2270 азамат тұрақты және уақытша жұмыспен қамтылды. Одан бөлек, субсидияланатын жұмыс орындарына 1359 азаматты тұрақты және уақытша жұмыспен қамту жоспарланса, 6 айда нақты 981 азамат жұмыспен қамтылды. Оның ішінде:
– «Алғашқы жұмыс орны» жобасына 80 адам жолданды, көрсеткіш – 89%;
– «Жастар практикасына» 350 жасты жұмысқа жолдау жоспарланып, жарты жылда нақты 81 азамат жолданған.
Жастарды жұмыспен қамту мақсатында қолға алынған «Жастар тәжірибесі», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» жобалары жүзеге асырылып, төлем мөлшері 30 айлық есептік көрсеткішке артып, мерзімі 12 айға дейін ұзарды. «Жастар практикасының» мерзімі осыдан екі жыл бұрын 6 ай көлемінде еді. Төленетін қаржы 30 АЕК, яғни 91 мың 800 теңге көлемінде қарастырылған. Айта кетейік, «Жастар практикасына» ЖОО-ны немесе арнаулы орта оқу орнын бітірген, диплом жарамдылығы 5 жылдан аспаған 35 жасқа дейінгі жастар қатыса алады. Биыл бұл бағытта 350 жас түлекті жұмыспен қамтуды жоспарлаған едік, қазіргі таңда олардың арасынан 81 азаматты мамандығына сәйкес жұмысқа жолданды.
Орайы келгенде субсидияланатын жұмыс орындарының басқа да бағыттары бойынша көрсеткіштерге тоқталсақ:
– әлеуметтік жұмыс орындарына 140 адам жоспарланса, 6 айда 148 адам жолданған (106%);
– қоғамдық жұмыс орнына 670 адам жоспарланған, 6 айда нақты 567 жұмыссыз азамат жолданған (85%);
– «Күміс жас» жобасына 105 адам жоспарланып, нақты 105 адам жолданған (100%);
– мүгедектігі бар азаматтарға арналған жұмыс орындары бойынша бір адам жоспарланған, ол ағымдағы жылдың шілде айынан бастап іске асырылады;
– «Ұрпақтар келісімшарты» жобасына 3 адам жолдау жоспарланып, ағымдағы жылдың шілде айынан бастап іске асыру көзделуде.
«Бастау-бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздерінің онлайн курсына 750 азаматты оқыту жоспарланып, алғашқы жарты жылда нақты 182 азамат оқыды. Өткен жылы Кәсіпкерлік негіздері бойынша «Бастау бизнес» жобасы аясында «enbek.bussines.kz» порталы арқылы 72 сағаттық онлайн курсын 977 азамат бітірген болатын. Солардың арасында оқи алмай қалған (лимиттен асып кеткендіктен енбей қалған) азаматтар биылғы жылы оқып жатыр. «Бастау бизнесті» кәсіп ашамын деген, онда да санаты бойынша сәйкес келетін азаматтар ғана оқи алады. Олардың қатарында атаулы әлеуметтік көмек алушылар, көп балалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, мүгедек баласы бар отбасылар, асыраушысынан айрылып, жәрдемақы алып отырған отбасылар, қоныс аударушылар (оның ішінде қандастар) жас ерекшелігіне шектеу қойылмаған зейнет жасына дейінгі жұмыссыз санатындағы тұлғалар болатын болса өздерінің бизнес идеясына сәйкес комиссия шешімімен мемлекеттік грант қаражаты ұсынылады.
«Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекет тарапынан берілетін грантқа комиссия мүшелері 37 азаматтың бизнес жобасын қолдады