Күләш «Әлеуметтік жұмыс орны» бағдарламасымен тігін шеберханасына жұмысқа орналасты

Қазығұрт ауданының тұрғыны Күләш Шаумарова «Әлеуметтік жұмыс орны» бағдарламасы арқылы жұмыс тауып, бағдарламаның игілігін көріп отыр. Жұмыс беруші жеке кәсіпкер «Шаумарова М.» Қазығұрт ауданы «Мансап» орталығымен шарт негізінде жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жалақысы субсидияланатын әлеуметтік жұмыс орнын құрады. Яғни еңбекақыны субсидиялай отырып, жұмыссыз Күләш ханымды жұмысқа орналастырады.

Қазіргі таңда кішігірім тігін шеберханасында цехында жұмыс істеп жатқан Күләш ханым тапсырыспен тұрғындардың талап-тілегіне сай заманауи көйлектер тігіп, халыққа қызмет көрсетіп отыр. Әлеуметтік жұмыс орнындағы жұмысы уақытша сипатқа ие, қатысу ұзақтығы 12 айдан аспайды. Алайда жұмыс берушінің көңілінен шыққан Күләш ханым бағдарлама аяқталысымен, жұмыс берушінің бастамасымен тұрақты жұмысқа орналасуды көздеп отыр.

Әлеуметтік бағдарлама шеңберінде жалақы төлеуді жұмыс беруші нақты жұмыс істеген уақыты үшін ай сайын еңбек шартында белгіленген мөлшерді негізге ала отырып жүзеге асырады.

Орайы келгенде толығырақ айта кетейік, әлеуметтік жұмыс орнын  жұмыс беруші жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін құрылады. Бағдарлама бойынша жұмысқа орналасу кезінде әлеуметтік жағдайы аз қамтылған және көп балалы отбасы мүшелері, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған тұлғаларға басымдық беріледі. Жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың жалақысының 35 пайызы мемлекет есебінен төленеді.

Әлеуметтік жұмыс орын – бұл, жұмыс беруші жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін Халықты жұмыспен қамту орталығымен келісім- шарт негізінде, олардың жалақысын субсидиялай отырып құратын жұмыс орны болып табылады.

Әлеуметтік жұмыс орындарын салық және басқа әлеуметтік аударымдарды тұрақты жүргізіп отыратын және жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ жұмыс берушілер ұйымдастырады. Әлеуметтік жұмыс орындарына қатысу ұзақтығы 12 айдан аспайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *