Кентауда таеквондодан облыстық чемпионат өтті

Кентау қаласында балалар және кадеттер арасында таеквондодан Кентау қаласы әкімінің кубогы сарапқа салынды.
Жарысқа Түркістан облысының барлық аймағынан 300-ге жуық спортшыдан құралған 11 команда қатысты. Үш күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте 1 орынды — Түркістан қаласының құрамасы жеңсе, 2 орынды — Кентау қаласының спортшылары алды. Ал 3 орын — Сайрам ауданының таеквондошыларына бұйырды.
Айта кетейік, өткен жылы Кентау қаласында олимпиадалық спорт түрлерін дамытуды қолға алу мақсатында Кентау спорт клубында таэквондо үйірмесі ашылып, жаттығу жасау үшін қажетті спорттық құрылғылармен жабдықталған болатын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *