Отбасы тыныштығын сақтау – басты орында

Мемлекет – шағын бір отбасынан құралады. Отбасының тыныштығын сақтау да қоғамымызда маңызды саналады. Гендерлік саясатты дамытуға арналған тұжырымдамада отбасын сақтауға және оның құндылықтарын насихаттауға барынша көңіл бөлінген. «Отбасылық-демографиялық саясат» сауалнамасының деректеріне сүйенсек, еліміздегі
ата-аналардың 50,3 %-ы тұрақты түрде балалардың қасында, 32,7 %-ы әрбір күнді бірге өткізуге тырысады, 8,3 %-ы әр демалыс және мереке күндерін бірге өткізеді және тек 0,4 %-ы бос уақытын ешқашан балаларымен өткізбейді екен. Балалардың көпшілігі ата-аналарымен өздерінің қызығушылықтарын талқылайды (88,3 %), балалардың көп бөлігі өзінің отбасымен араласқанды ұнатады (85,2 %) және олардың тек 2,3 %-ы туған-туыстарымен өзара түсініспеушілік жоқ екендігін айтты.

Азаматтардың көпшілігі балаларға үлкендерді құрметтеу (61,3 %), еңбекқорлық (61,0 %), өзін-өзі құрметтеу (43,0 %), өзіне деген сенімділік (37,6 %) және әділдік (29,5 %) сияқты құндылықтарды дарытуға ұмтылады. Бұдан әрі өзін-өзі дамыту (20,1 %), рухани өсу (19,1 %), патриотизм (16,5 %), басқа адамдарға көмектесу (11,7 %), қиын жағдайларға бейімделе алу (11,5 %), даралық (9,5 %) сияқты құндылықтар бар.

Тұжырымдамада қоғамында отбасы институтының маңыздылығына қарамастан, ажырасулар және некесіз бала туу үрдісінің ұлғайып бара жатқаны да айтылады. Кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар ерлі-зайыптылардың ажырасу үлесі ұлғайды. 2016 жылы 141,7 мың некенің 51,9 мыңы ажырасса (36,7 %), 2020 жылы 128,8 мың некенің 48,0 мыңы ажырасқан (37,2 %). Алайда, пандемия кезінде ажырасулардың азайғаны байқалады. 2020 жылдың қорытындысы бойынша тіркелген некелер санына ажырасқан некелердің үлесі 37,2 %-ды құрады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *