Әрбір баланың өмірі біз үшін қымбат

Түркістан облысында балалардың құқығын қорғау бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Осы бағытта жұмыс жүргізетін ҮЕҰ-лар үшін жергілікті бюджеттен 100 млн. теңгеге жуық қаражат бөлінген болатын. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының айтуынша, облыста 400 мыңнан астам отбасыда 900 мыңнан аса кәмелетке толмаған бала бар. Бұл дегеніміз – республиканың әрбір жетінші мектебі мен жетінші оқушысы Түркістан облысында тұрады деген сөз. Өңірде 1000 мектепте 515 мың оқушы, 1300-ден астам балабақшада 160 мыңға жуық бүлдіршін бар. Арнайы есепке алу органының ресми дерегіне сүйенсек, балаларға қатысты жасалған қылмыс азайып келеді. Баланың қауіпсіздігі назарда.

Әрине, әрбір баланың өмірі біз үшін қымбат. Балалар мен жасөспірімдерді зорлық-зомбылықтан және қатыгездіктен қорғау, оларға қатысты қылмыстың алдын алу – әлеуметтік мәні бар және қоғамдағы өткір мәселелердің бірі. Ең бастысы, облыста әкімдік, прокуратура, полиция департаментімен және үкіметтік емес ұйымдармен ведомствоаралық жұмыс жүйесі қалыптасқан. Әлеуметтік мәселелерімен келетін көп балалы аналарға, аз қамтылған отбасыларға арналған «Қамқорлық» жанұя орталығы» Түркістан қаласында ашылып, психологиялық, құқықтық жәрдем берілуде.

Сонымен қатар, өз кәсібін игеруге ықпал ету, үй жағдайында жұмыспен қамтылуға жәрдемдесу, денсаулық сақтау және және көші-қон бойынша мәселелерін шешуге көмек берілуде. Осы бағыттағы жұмыстар үнемі назарымызда және саналы, салауатты ұрпақ өсіруге бастайтын жол  ол тұтас қоғамның бірлескен күш жігерімен айқындалады.

Өңірімізде зорлық-зомбылық құрбандарына жедел түрде психологиялық, әлеуметтік, медициналық, құқықтық көмек көрсету жөніндегі пилоттық жобалар іске асырылуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *