Перизат пісірген тәттілерге ауылдағылар дән риза
Кейіпкеріміз Перизат Тұрсынәлиева Келес ауданы Аққорған елді мекенінде туған. 2006 жылы №8 Т.Бегманова атындағы жалпы орта мектебін аяқтаған. Қазіргі танда Алпамыс батыр ауылдық округі Қауыншы елді мекенінде өз кәсібін бастап, жұмыс істеуде. Былтыр Перизат өз кәсібін одан әрі дамыту мақсатында 2,5 пайыз жеңілдетілген несие алу үшін “Кондитерлік саласы бойынша” бизнес жобасын ұсынып, жеңімпаз атанып, бүгінде кәсібін дөңгелетіп отыр.
Айта кетейік, Түркістан облысында 2 140 926 мың тұрғын бар. Соның 654 мыңы – 14-35 жас аралығындағы жастар. Оның ішінде 150 мыңнан астамы қала жастары болса, 500 мыңға жуығы ауылдарда тұрады. Мемлекеттік бағдарламалар бойынша өткен жылы 310309 жасқа, биыл екі айда 41 331 жасқа кеңес берілген. Нәтижесінде «Серпін–2050» бағдарламасы бойынша мыңға жуық жас оқуға түскен. Еліміздің солтүстігі мен орталығында орналасқан жоғары оқу орындарымен келіссөздер жүргізілген. Бағдарлама аясында былтырғы оқу жылында Сайрам, Келес және Жетісай аудандарынан жастар көптеп тартылған. Бұдан бөлек, «Жастар практикасы» бойынша 9 мың жас жұмыспен қамтылған. «Дипломмен – ауылға» жобасы бойынша 500-ден астам жас маман жұмысқа орналасқан.
Ал, жастар кәсіпкерлігін қолдау бойынша 594 жасқа 2,5% көлемінде жеңілдетілген несие берілген. Бүгінге дейін мыңға жуық өтінім келіп түскен. 15 мыңнан астам жас колледждерге тегін оқуға түсіп, бөлінген грант толық игерілген. Қазіргі таңда NEET санатындағы 58 510 жас бойынша мәліметтер «Отбасылық цифрлық картасы» ақпараттық жүйесіне енгізілді.
Жастарды келеңсіз жағдайлардан қорғау мақсатында психопрофилактикалық шаралар тұрақты түрде өткізіліп, жастарға жеке мәселелері бойынша психологиялық көмек көрсетілген.