Келес ауданы Біртілек ауылында 23 көшеге асфальт төселді

Келес ауданының Біртілек ауылдық округіне қарасты 13 елді мекен бар. Жалпы ауылдық округі аумағында республикалық маңызы бар жолдар 8 шақырымды, облыстық маңызы бар жолдар 13 шақырымды, аудандық маңызы бар жолдар12 шақырымды, ішкі жолдар 112 шақырымды құрайды.

Өткен жылы округ бойынша 5 көшеге яғни, 9,7 шақырымға шағал тас төселінді. Осы жылы ішкі көшелерді асфальттау үшін 12 жоба қолға алынған. 28,8 шақырымды құрайтын 23 көше облыстық басқармадан оң қорытынды алынып, мемлекеттік сараптамадан өтті.

Қазіргі таңда ауылдық округтің 17 ішкі көшесіне мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, 5 жоба, жалпы 10 көшеге жеңімпаздар анықталды. Жақында Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев аудан аумағындағы ауылдық округтерінде болып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Біртілек ауылдық округіне барған аудан басшысы тұрғындармен ауылдың маңызды мәселелерін бірге талқылап, алдағы жоспарларды баяндады.

– Біртілек ауылдық округі аудан орталығына жақын орналасқан даму персвективасы жоғары аймақ. Мұндағы тұрғындардың дені ауылшаруашылығы саласында еңбектенеді. Бүгінде елді мекендерді сапалы инфрақұрылыммен қамту мақсатында түрлі шаралар атқарылуда. Биыл елді мекендердің басым бөлігіндегі ішкі көшелер жөндеуден өтеді. Сонымен қатар, Біртілек елді мекенінде 300 орындық білім нысаны «Жайлы мектеп» пилоттық жобасын шеңберінде пайдалануға берілсе, мәдениет үйінің құрылысы басталады. Ораз ата, Жолбасшы, Көлтоған, Біртілек және Игілік елді мекендерін сапалы электр желісімен қамту үшін «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында электр желілері мен бағаналары ауыстырылып, жаңадан (КТП) трансфарматорлар орнатылатын болады, — деді аудан әкімі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *