Зорлық-зомбылық құрбандарына психологиялық, әлеуметтік, медициналық, құқықтық көмек көрсетуге арналған пилоттық жобалар іске асырылуда
Елімізде тәуелсіздік алған жылдардан бері әйелдерге тең қолжетімділікті қамтамасыз етіліп, оларға қоғамдағы барлық салаларға қатысуға, атап айтар болсақ, билік құрамында әйелдер мен ерлердің үлесі тең болуға, отбасында да олардың құқықтары мен міндеттерінің тең болуына жағдай жасалды. Бұл әлемдегі демократиялық мемлекеттерде ә бастан ұстанған жол.
Елімізде гендерлік саясатты жүзеге асыруға бағытталған тұжырымдамада әсіресе отбасы институтын дамытуға баса көңіл бөлінген. Өйткені, мемлекет отбасынан құралады. Бұл туралы тұжырымдамада «Қазақстандағы отбасы жағдайының перспективалары мен даму бағыттарын айқындайтын жан-жақты зерттеулер жүргізу мақсатында «Қазақстандық қоғамдық даму институты» ҰАҚ құрылымында отбасы институтын зерттеу орталығы құрылды. Орталық «Қазақстандық отбасылар», «Қазақстан Республикасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес туралы» ұлттық баяндамалар дайындады, қазақстандық көп балалы отбасылардың, ауылдық жерде тұратын отбасылардың жағдайы мен дамуын, ажырасулар мен олардың салдарын, ата-ана болу үлгілерін және басқаларын зерделеу бойынша зерттеулер жүргізді.
Жыл сайын республикада бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, гранттық қаржыландыру шеңберінде үкіметтік емес ұйымдар отбасылық саясат саласында 100-ден астам әлеуметтік жобаны іске асыруда. Өңірлерде отбасылардың әлеуметтік әріптестігін жандандыру және оқытуды ұйымдастыру мақсатында отбасылық аула клубтары, отбасылық байланыс клубтары жұмыс істейді. Отбасылық аула клубтарында білім беру, психологиялық, бос уақытты өткізу қызметтері ұсынылады.