Қыз тәрбиесіне қатысты өзекті ойлар айтылды

Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжінде «Аналар мектебі» құрылған. Бұл жобаның мақсаты студенттердің бойына ұлттық құндылықтарымызды сіңіріп, оларды отансүйгіштік рухта тәрбиелеу. Сондай-ақ, әдеп-ғұрып пен салт-дәстүрімізді насихаттау.
Жақында осы мақсатта оқу орнында арнайы іс-шара ұйымдастырылып, оған Шымкент қаласындағы «Аналар кеңесінің» мүшесі, Қаратау ауданындағы ардагерлер кеңесінің төрайымы, ардагер ұстаз Зульфия Бекмырзақызы мен  колледжіміздегі «Аналар мектебінің» мүшесі, ардагер ұстаз, көпбалалы ана Тұмаргүл Егембердиева қатысты. Ардақты аналар жастармен ұл мен қыздың тәрбиесі жөнінде емен-жарқын әңгімелесіп, өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Әсіресе, қыз балалардың тәрбиесіне қатысты көптің көкейінде жүрген өзекті ойлар айтылды.
— Қыздары ұлтымыздың айнасы болғандықтан, біз бұл мәселеге келгенде асқан жауапкершілікпен қарауымыз керек. Жаһандануға ұмтылған сайын оның кері әсерін көріп отырмыз. Сондықтан, жастар көп шоғырланған жерлерде тәрбиелік маңызы зор осындай іс-шараларды көптеп өткізу керек деп ойлаймын,— деді Зульфия Бекмырзақызы.
Нағима БЕЙПЕНОВА,
Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжінің педагог-психологы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *