Баян ападай болса бар ана

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық кезеңіне қатысқан Молдасапаровтар әулеті Қазығұрт ауданы Жігерген ауылдық округінде тұрады. Бұл әулетті көпшілікке өнегелі істерімен үлгі етуге болады. Әулеттің бүгінгі отанасы Баян апай келін болып ақ босаға аттағанда 21 жаста болған екен. Ата-енем өте мейірімді жан болды. Олардың тәлім-тәрбиесін алған жолдасын Мықтыбай Молдасапаров мектепті бітіргеннен кейін Алматы ауыл шаруашылығы институтына оқуға түсті. Қолына дипломын алғаннан кейін көптеген шаруашылықтарды бас агроном болып еңбек етті. «Қапланбек» кеңшарының директоры, Сарыағаш ауданындағы «Caspian Food» фирмасында бас менеджер болып қызмет атқарды. Қай ұжымға барса да абыройлы болды.

Олардан өрбіген балалары бүгінде белді қызметтерді атқаруда. Айталық, үлкен ұлы Бақытжан «Алма ТВ» каналында бас инженер. Алты баласы бар. Келіншегі Гүлмира бастауыш сыныптың  мұғалімі. Үлкен қызы Алматыда, Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінде магистрант. Мамандығы – математика пәнінің мұғалімі. Гаухар – студент. Мектеп жасындағы Айша мен Асқар қалалық, облыстық олимпиадалардың жүлдегерлері. Ал, Жанар – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті жанындағы колледжде тарих пәнінің мұғалімі.

Екінші ұлы Азамат пен келіншегі Назкен – екеуі де кәсіпкер. Айсу – спортшы, Шымкенттегі Ы.Алтынсарин   атындағы мектептің мақтанышы. Каратэден спорт шебері. Жақында Өзбекстанда өткен жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнирде 3-орын иеленіп, атасының атын шығарды.

Ортаншы ұлы Айбек – Қазығұрт аудандық мәслихатының депутаты. «Диқан» жалпы орта мектебінде орыс тілі пәнінің мұғалімі.

Кенже ұлдары Шыңғыс – Павлодар қаласындағы №7 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *