«Ана әлдиі жер бетіндегі барлық ұлтта бар»

Түркістан облысында 50-ге жуық ұлт пен ұлыс тұратын болса, соның 40-ы Сайрам ауданында тату-тәтті тіршілік етуде. Нақты статистикалық деректерге сүйенер болсақ, бүгінде аталған өңірде тұратын этнос өкілдерінің 62934-і қазақ, 4483-і орыс, 165182-і өзбек, 1355-і әзірбайжан, 46-ы тәжік, 370-і татар, 3527-і түрік, 359-ы кәріз, 305-і украин, 1346-ы күрді 87-і неміс, 13-і ұйғыр, біреуі шешен, жетеуі қырғыз ұлтының өкілі. Олар аудандық экономикалық жағынан өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосып келеді. Солардың бірі — Гүлчехра Исмаилова.

Гүлчехра Исмаилова аудандағы Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледжде директорлық қызмет атқаруда. Қазіргі таңда бұл оқу орнында 7 ұлт пен ұлыстың өкілдері білім алуда. Орайы келгенде Гүлчехра Исмаилованы әңгімеге тартқан болатынбыз.

— Гүлчехра Исмаилова сұхбатымызды колледждің тыныс-тіршілігінен бастасақ.

— Оқу орны 2004 жылы ашылған болатын. Алғашқыда Гуманитарлық-педагогикалық колледжі деп аталған білім ошағы 2012 жылы «ҚР БЖҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесінің №450 30.10.2012 жылғы бұйрығымен аттестаттаудан өткізілді. Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облысы  білім саласындағы бақылау департаментінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша білім беру мекемелерінде мемлекеттік аттестациялауды ұйымдастыру және өткізу туралы ережеге сәйкес аттестациядан сәтті өтті.

2016 жылдың 1 наурызынан бастап №3.2/192 бұйрықпен жеке  меншік ЖМ «Гуманитарлық-педагогикалық колледжі»  атауы ЖМ «Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледжі» деп өзгертілді.

Айта кетейік, білім ошағына 2004 жылы оқуға қабылданған студенттер саны  473 студент болса, 2021 жылы 2200 студент білім алды. Осы жылдар аралығында 6739 студент бітірді. Колледж шәкірттері Сайрам аудандық Нұр Отан партиясында, аудандық әкімшілікте, аудандық Жастар Ресурстық орталығында,   салық комитеті, жұмыс пен қамту орталығы, мектептер мен балабақшаларда өздерінің мамандықтарына сәйкес жұмыс істеуде. Колледж қабырғасында ақылы топтарда оқитын білім алушыларға  әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан балалар және тұл жетім, жартылай жетімдерге, мүгедектерге құрылтайшылар мен колледж директоры тарапынан жыл сайын 100 пайыздық  жеңілдіктер беріліп отырады.

Колледж ұжымы әлеуметтік жағдайы төмен, мүгедек отбасынан шыққан азаматтарға, зейнет жасындағы қарияларға, ауданымыздағы мектеп-интернаттарда тәрбиеленіп жатқан оқушыларға, балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне арнап мерекелік даталарға орай іс-шаралар, концерттік бағдарламалар ұйымдастырып отырады. Құрылтайшылар мен демеушілер тарапынан оларға киім кешектер, ойыншықтар, күнделікті тұрмысқа қажетті техникалық заттар сыйға беріледі.

Айталық, біз Қасымбек Датқа ауылында орныласқан Бауыржан отбасы үлгісіндегі балалар үйіндегі тәрбиеленушілерге қыстық жылы киімдерді жеткізіп берді. Арыс қаласында төтенше жағдай орын алғанда біздің колледждің ұжымы 3 000 000 млн теңге көлемінде матералдық жәрдем берді.  Жетісай қаласында су тасқыны болғанда да біздің ұжым 2 000 000 млн теңге көлемінде материалдық жәрдем көрсетті.

Колледжде 2005 жылдан бастап кіші халықтар Ассамблеясының аясында «Жас Қанат» ұйымы құрылып, ол 16 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Құрамында 7 ұлт пен ұлыс өкілі бар. Бұл ұйым оқу орнында ұлтаралық келісімді насихаттауға арналған көптеген іс – шаралардың ұйымдастырады. Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының Ассамблея құрудағы мақсаты да осы. Еліміздегі әр түрлі ұлттың мәдениетін, тілін дамытуға және салт – дәстүрлері мен әдет – ғұрыптарын қайта жаңғыртуына жағдай жасау.

Еліміздегі әр түрлі ұлт өкілдері бір үйдің баласыдай тату тәтті өмір сүруде. Колледж жанынан құрылған ұйымның «Томирис» бишілер тобы 2005 жылы Астана қаласында   өзбек мәдени орталығының ұйымдастыруымен өткізілген мәдени іс -шарада Алғыс хатпен марапатталды.Осы күнге дейін біздің «Жас қанат» ұйымының мүшелері  аудан, облыс, республика көлемінде өткізілетін іс-шараларға белсенді түрде қатысып, өздерінің өнерлерін көпшілікке паш етуде. Бұған дейін Шымкент қаласында өткізілген көптеген мерекелік кештер мен байқауларда өнерпаздарымыз өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. бұл іс-шаралардың барлығының негізгі мақсаты – мемлекеттік тілді дәріптеу, салт-дәстүрді насхаттау. Аудандағы өзбек этно мәдени бірлестік пен колледждің ұйымдастыруымен аудан аумағында көптеген іс-шараларды өткізіп жүргенімізді де айта кетейін.

— Еліміздегі оқу орындарының рейтингі студенттерінің жетістіктерімен бағаланады ғой. Бұл ретте сіздердің көрсеткіштеріңіз қандай?

— Біздің оқу орнын бұл жағынан өзгелерден алда келеді деуге болады. Колледже өнерпаздар мен спортшылар жетерлік. Олардың көрсетіп жүрген нәтижелері де қуантарлықтай. Айталық, колледждегі «Самғанұр» би ансамблінің жетекшісі – Затыбек Айжан Сапарқанқызы. Ол 2014 жылғы облыстық өнерлі ұстаз байқауының жеңімпазы атанған. Сонымен қатар, 2019 жылдың ақпан айында Алматы қаласында өткізілген «Жас жұлдыз» балалар мен жасөспірімдер арасындағы республикалық байқаудың «Бас жүлде» иегері, 2019  жылдың сәуір айында Түркістан қаласында өткен «Amanat music» II халықаралық конкурс-фестивалінің I кезеңінің «Бас жүлде» иегері, 2019 жылдың маусым айында Алматы қаласында өткен «Amanat music» II халықаралық конкурс-фестивалінің II  кезеңінің  «Бас жүлде» иегері болды. 2019 жылдың желтоқсан айында өткен Нұр- сұлтан қаласында «Dance Fest Party» халықаралық хореографиялық конкурсында «Шаттық», «Хорезм» биімен қатысып, 1-ші орынды жеңіп алды. Ақтөбе қаласында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Мәдениет үндестігі» атты V- Халықаралық фестивалінде «Самғанұр» би тобы жүлделі орынмен марапатталды.

Дене тәрбиесі және спорт мамандығының студенті Алаханов С кикбоксинг спорт түрінен аудан, облыс бойынша 1-ші орынға ие болып Өскемен қаласында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында 1-ші орынды жеңіп алды. Сонымен қатар, жекпе-жек түрлерінен ОРМБЖМ ашық біріншілігінде Грек рим күресінен 3 орынды жеңіп алып, «Спорт-есірткіге қарсы» ұранымен Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңісінің 70 жылдығына, ҚР Конституциясының 20 жылдығына арналған VI спартакиадада грек рим күресінен 1 орын иеленді.

 Бастауыш сынып мұғалімі мамандығының білім алушысы З. Мамутова Орал қаласында Кикбоксингтен жастар арасында ҚР чемпионатында Фулл-контакт бөлімінде 1орынды, 2015 жылы  Павлодар қаласы  1997-1998 жастар мен 1999-2000 ж.т. жасөспірім арасында өткен ҚР чемпионатында 3 орынды, ҚР 4 ші жастар спорттық ойындарынды бокс спорт түрінен 2 орынды, 2018 жылы Өскемен қаласында  Кикбоксингтен жастар арасында ҚР чемпионатында Фулл-контакт бөлімінде 1орынды, 2016 жылы Челябинск қаласында ұйымдастырылған жарыста 1 орынды жеңіп алып, Италия еліне барып кикбоксингтен өткен жарысқа қатысып, «Әлем чемпионаты, кандидат спорт шебері» атағына ие болды. ҚР-ның 2 дәрежелі чемпионы.

Жалпы жетістікке жетіп жүрген колледж студенттерінің арасында ДТ-141 оқу тобының білім алушысы Сафаров Фазлиддиннің, ШТ-173 оқу тобының студенті Алимбаев Мансурдың, ДТ – 161 оқу тобы студенті  Асыратов Мураттың,  ДТ-141 оқу тобының студенті Шерметова Розаның, 2018 жылы Калыков Тамерланның, Сатаев Омардың, Әлібек Бексұлтанның да бар екенін айтуға болады.

Колледждің құрылтайшылары мен әкімшілігі тарапынан жас спортшыларға қолдау көрсетіліп отырады. Облыс көлемінде өткізілген «Ең үздік тігінші» байқауында «Дизайн» пән бірлестігінің мүшесі Тажиева Гулрух қатысып, «Үздік модельер» номинациясын жеңіп алды. Облыстық «Этно – Fashion – Шымкент» жас дизайнерлер мен модельерлер байқауында «Дизайн» бірлестігінің 5 оқытушысы мен 12 студенті дефилеге қатысса, «Жібек жолы айшықтары» Республикалық байқауында 5 номинация бойынша 18 студент, 5 оқытушы қатысып түрлі дәрежедегі дипломлар мен сертификаттарға ие болды. Шымкент қаласындағы көрме орталығында ұйымдастырылған «Рухани жаңғыру-мәдени мұра» атты ұлттық киім байқауында «Ең үзік ұлттық киім» номинациясы бойынша 2 оқытушы мен 12 студент қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Коллежіміз Қазақстан Республикасындағы Өзбекстан Республикасының жылы аясында ұйымдастырылған Түркістан қаласындағы ұлттық киім мен ұлттық бұйымдар көрмесіне де қатысып,  жүлделі орынға ие болды. 2017-2018 жылдары мамандық бойынша «WORLDSKILLS»  бағдарламаларына 0402000 «Дизайн (салалар бойынша)» мамандығы бойынша облыстық чемпионаттарында да біздің студенттеріміз көзге түсе білді. Атап айтар болсақ, 2018 жылғы облыстық чемпионатта А.Садыкова мен  М.Мырзаевтың жетекшілігінде Ак-162 тобы мен Д-152Б тобының студенттері Нұралы Бақтыгүл және  Садуллаев А қатысып, «Үздік тігінші» және  «Үздік қолөнер» номинациясы  бойынша  дипломмен марапатталды.

Абзелова Ұлпан Оралбекқызының жетекшілігінде 2020 жылы Түркістан облыстық  WorldSkills чемпионатының мектепке дейінгі тәрбие және оқыту құзыреттілігі бойынша Р.Абдуллаева  жүлделі  2-орын  алды. Исматуллаева Алия Мұратқызының жетекшілігінде 2020 жылы Түркістан облыстық  WorldSkills чемпионатының бастауыш білім беру құзыреттілігі бойынша Ш.Абдазимова  жүлделі  2-орынды иеленді. Габрильянц Эльенораның жетекшілігінде 2020 жылы Түркістан облыстық  WorldSkills чемпионатының аспаз құзыреттілігі бойынша Ф.Алиев жүлделі  2-орын  алды. Қосқұлақов Ералхан Аюбайұлының жетекшілігінде 2020 жылы Түркістан облыстық  WorldSkills чемпионатының ағашты көркемдеп өңдеу  құзыреттілігі бойынша Сайфуллаев Л жүлделі  2-орын  алды. Ибрагимов Давран Рахимжановичтің жетекшілігінде 2020 жылы Түркістан облыстық  WorldSkills чемпионатының мобильді робототехника құзыреттілігі бойынша З.Абдукадиров  жүлделі  2-орын  алды.

Педагогикалық қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін одан әрі арттыру үшін колледж жақын және алыс шетелдердің оқу орындары мен кәсіпорындарымен әлеуметтік әріптестікті кеңейтіп, халықаралық стандарттар бойынша даярланған мамандардың бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыру мақсатында да көптеген жұмыстарды атқаруда. Арнайы пәндер оқытушыларын шетелдік тағылымдамалардан өткізуге басымдық беруде. Тәжірибе аламасу мақсатында шет елдерге барған оқытушыларға колледж құрылтайшылары мен колледж директоры қаржылай көмек беруде.

Колледж ашылған уақытта мұнда 35-оқытушы жұмыс істеген болсақ,  2021 жылы олардың қатары 137-ге жетті. Осыдан-ақ біздің оқу орнымыздың қаншалықты дамып, өскенін көруге болады.

 — Гүлчехра Исмаилова әңгімеміздің басында оқу орында 7 ұлт пен ұлыстың өкілі білім алатынын айтып едіңіз. Колледжде ұлтаралық татулықты сақтау мақсатында қандай іс-шаралар өткізілді. Сол жайлы айтып өтіңізші.

 — Дұрыс айтасыз. Біз негізгі басымдықты осы ұлтаралық татулықты сақтауға, бірлікті арттыруға арналған шараларға береміз. Жоғарыда айтып өткен «Жас қанат» ұйымын құрудағы мақсатымыз осы. Ендеше колледж ұжымы мен студенттерінің ұйымдастыруымен өткен ауқымды шараларға тоқталайын. Биыл «1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі»  күніне орай , Сайрам аудандық мәдениет үйінде «Мәдениетті АНА-Мәдениетті ҰЛТ» жобасы аясында  «Ана әлдиі» фестивальін ұйымдастырдық.

Шаңырақ шаттығына айналған ақ жаулықты аналарымызға арналған фестивальді  өткізудегі мақсаттарымыз ұлттық салт-дәстүрімізді жаңғырту және оны кейінгі ұрпаққа аманаттау болды. Ананың әлдиі, бесік жыры адамға өмір бойы ілесе жүріп, ересек ке­зең­нің сан қилы соқпағында кездесетін сын сәттерде де құлағына жетсе, есіне түс­се, жанын жайландырып, сабырлы­лық­қа ша­қыратын сиқырлы күш сияқты. Ана әлдиі жер бетіндегі барлық ұлтта бар.

Аталған фестивальдің  ашылу салтанатына Сайрам аудандық мәслихат депутаты, облыстық өзбек этно мәдени бірлестігінің төрағасы Раймқулов Ғанишер, Ақсукент ауылдық өзбек этно мәдени бірлестігінің төрағасы   Юсупов Расул, «Safit» компаниясының президенті Исаков Акмал, «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институтының аға оқытушысы М.О.Мусаева қатысып, сөз сөйледі. Ана әлдиі» фестивальінде әртүрлі  ұлт өкілдері қатысып, өз халықтарының «Бесік жырын» шебер орындап, салт-дәстүрді жаңғырта түсті. Қазақ ұлтынан «Көркем әжелер» тобы, өзбек ұлтынан «Томирис әжелер» тобы, орыс ұлтынан «Көркем әжелер» тобы өздерінің «Ана әлдиін» нақышына келтіріп орындай білді.

«Көркем әжелер» тобы 2013 жылы Сайрам ауданында құрылған. Топ құрамында 6 ана ән салады. Олар экономика, білім, денсаулық салаларында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, зейнеткерлік демалысқа шыққан жандар.  Ұлағатты ұстаздар мен көпбалалы ана атанған әжелер . 2015-2017 жылдар аралығында облыстық, республикалық, байқауларда топ жарған. Ұжым 2017 жылы «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында І халықаралық экономикалық әйелдер форумына қатысып, қазақы салт-дәстүрімізді насихаттады. Арнайы марапапатқа ие болды. Шаңырақ шаттығына айналған жаулық иелерінің бұл фестивальді  өткізудегі негізгі мақсаттары – ұлт болашағы үшін ұлттық салт-дәстүрімізді жаңғырту.

Өзбек халқының әншісі Эргешова Дилфуза, Тойметова Фарида мен түрік халқының әншісі өздерінің әндерімен, «Самғанұр» би тобының бишілері өздерінің ұлттық нақыштағы киімдерімен, қазақ және өзбек ұлтының биін билеп, сахнаның сәнін келтірді. Іс-шара соңында  «Дизайн» мамандығында оқитын студенттердің сәнді көйлектері көрсетіліп, жиналған көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Бесік жырларының негізгі мазмұны ананың балаға деген махаббатынан туған деуге болады. Бұл ананың баласының бақытты болашағын армандауы. Бесікті киелі, қасиетті, құтты мүлік санаған. Халқымыздың туған жерді бесікке теңеуі де оның бесікке деген құрметін білдіреді. Сәбилердің ұйқысы тыныш, аналар алаңсыз болсын! Бесік жыры үзілмесін…
Көп ұлтты, тату ынтымақшыл халқы бар, қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар, ең бастысы бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы бар егеменді еліміздің аспаны ашық, ертеңі жарқын болғай.

— Уақыт бөліп, сұхбаттасқаныңызға көп рахмет! Шәкірттеріңіз оқу орнының атын әлемге таныта берсін. Еңбектеріңіз жемісті бола берсін!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *