Түркістандық дәрігерлер 1 жасар сәбидің өмірін сақтап қалды

Облыстық балалар ауруханасының дәрігер-эндоскописты Бабуржан Рахманқұлов 1 жас 3 айлық баланың өмірін сақтап қалды. Сәбидің тыныс алу жолдарынан бөгде затты табылған. Анасының айтуынша, бала кешкі сағат 22:00 шамасында полиэтилен пакетімен ойнап отырып, тұншыға бастаған. Жөтелден кейін өкпесінде сырылдар пайда болып, дем ала алмай қалған. Жағдайының нашарлауына байланысты «Мақтаарал» орталық ауруханасына жүгінген. Ауыр халіне байланысты бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Санитарлық авиация желісі арқылы облыстық балалар ауруханасының балалар торакальды хирургы мен реаниматологы ауруханаға ауыстырылды. Шұғыл түрде зерттеулер өткізіліп, бронхоскопия арқылы сол жақ негізгі бронхтың тауықтың сүйегі алынды. Нәтижесінде қауіп сейіліп, баланың денсаулығы қалыпты жағдайға түсті.

Айта кетейік, балаларға қамқорлық пен толыққанды тұлға болып қалыптасуына жағдай жасау – мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі және басым бағыттарының бірі. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында балаларға жағдай жасау, олардың сапалы білім алуына қолдау көрсету туралы үнемі айтып келеді. Бүгінгі бала – елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы. Балаларға жағдай жасау үшін облыста денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау, инфрақұрылым бағыттарында нақты шаралар қолға алынып, жүйелі жұмыстар атқарылуда. Солардың бірі ретінде «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында биыл облыс көлемінде 49 медициналық пункттің құрылысы басталғанын айтуға болады. Атап айтсақ, 20 дәрігерлік амбулатория, 23 фельдшерлік-акушерлік пункт, 6 мединицалық пункт салынбақ.

Бүгінде Түркістан облысында республика бойынша ең көп — 900 000-ға жуық балалар тұрады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *