Гендерлік саясат қоғам теңдегі

«Гендер» ұғымы ХХ ғасырдың 80-жылдарынан бастап ғылыми қолданысқа еніп, жүйелі түрде зерттеле бастаған. Оған саяси-әлеуметтік жағдай – қоғамдық қатынастардың өзгеруі мен әйелдер құқығын қорғау бағытындағы феминистік қозғалыстың өріс алуы, философиялық жағдай – таным теориясының жаңа бағыт алуы, тағы да сол секілділер әсер етті.

Қазақстан да тәуелсіздік алған жылдардан бері қарай әйелдерге тең қолжетімділікті және өмірдің барлық салаларына қатысуды қамтамасыз етуі тиіс осы демократиялық жолды ұстана бастады. Содан бері экономикалық еркіндік үшін тең мүмкіндіктерді пайдалану, билік құрылымына әйелдер мен ерлердің бірдей қатысуы, отбасындағы тең құқықтар мен міндеттер үшін талаптар құру, жыныс белгілері бойынша күштер бостандығы, қоғам дамуында әйелдердің рөлін дамыта беру үшін жаңа мүмкіндіктер туғызып отыру – біздің еліміздегі гендерлік саясаттың бірегей міндеттері.

Гендерлік саясат – қазіргі уақытта өзекті мәселелердің бірі. Бұл – қоғамдық өмірдің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық қызмет екені белгілі.

Түркістан облысында гендерлік саясат жүргізу жөніндегі жұмысты облыс әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия үйлестіреді. Оның мақсаты – отбасына, әйелдер мен ерлердің теңдігіне қатысты кешенді мемлекеттік саясатты іске асыру.

ҚР-дағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру мақсатында, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы тарапынан нақты жұмыс жүргізіліп, басқа мемлекеттік органдары мен үкіметтік емес ұйымдарымен ағымдағы жыл басынан бірқатар ұйымдық іс-шаралар жүзеге асырылды.

Түркістан облысында әйелдер қауымы барлық салаларда жемісті еңбек етіп келеді. Облыс көлемінде шамамен 155 073 мың кәсіпкер болса, оның 48 000 мыңға жуық шағын және орта бизнеске басшылық жасап жатқан әйел азаматтар құрайды. Статистикаға сәйкес шағын және орта кәсіпкерліктің
32%-ында әйел адамдары басшылық жасауда. Яғни, Түркістан өңірінде жұмыс жасайтын әрбір үшінші кәсіпкер әйел кәсіпкерлері. Әйел кәсіпкерлігін қолдау мақсатында еліміздегі алғашқы «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы» өткен жылдың қараша айында Түркістан қаласында құрылды. Орталықтың мақсаты кәсіпкер әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту, бизнесті жүргізу үшін оларға қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.

Бүгінгі күнге Орталыққа 800-ден астам кәсіпкер әйелдер, сондай-ақ кәсіпкерлік бастамасы бар әйелдерге, 1251 қызмет түрлері көрсетілді. Ал, ең көп әйел азаматтары білімі беру мен денсаулық саласында жұмыс жасайды.

Қазіргі таңдағы жағдай бойынша Түркістан облысындағы іс басындағы 5658 мемлекеттік қызметшінің 1564-ы немесе 24,9%-ын нәзік жандылар құрайды. Оның ішінде, 249-ы басшылық лауазымдарды атқарады.

Облыста отбасылық құндылықтарды дәріптеу, жанұяның беріктігін сақтау, ажырасудың алдын алу мақсатында «Отбасы бақыт мекені», «Тәрбиенің ең тамаша мектебі — отбасы», «Жас отбасындағы қақтығыстар», «Жанұя – бақыт тілегі», «Тәрбие тал бесіктен басталады», «Ұлттық құндылық – отбасы тәрбиесінде», «Тәртіп-тәрбие бастауы», «Отбасы ең үлкен құндылық» тақырыптарында отбасыларға 10 психо-профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, 500-ге жуық жас отбасы қамтылды.

Түркістан облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы, Түркістан облысы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы, Түркістан облысы әйелдерді қолдау ҮЕҰ бірлескен жоспар бекітілді. Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы тарапынан отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, оларға қатысты жасалатын зорлық–зомбылықтың алдын алу мақсатында мүдделі органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен, қоғамдық кеңестермен бірлесіп жұмыстар атқарылды.

Облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы, мемлекеттік органдармен бірлесіп, үкіметтік және үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктермен, атап айтқанда «Қазақстан іскер әйелдер ассоциациясы» ҚБ Түркістан облысының филиалы, «Сана сезім» Әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы» ҚБ және «Сенім-Ай» ҚБ-нің «КӨМЕК» дағдарыс орталығымен тығыз байланыстығын арттыру мақсатында жиі кездесіп, пікір алмасылуда. Жәбірленген қыз-келіншектерге құқықтық көмек көрсетіп, зорлық-зомбылықтың түрін талдап, категориясын анықтап, медициналық және психологиялық кеңестер берілуде.

Жалпы, әйелдер мен балалардың құқығын қорғау жұмысының тиімділігін арттыру бойынша мүдделі органдармен, үкіметік емес ұйымдармен, қоғамдық кеңестермен жұмыстың ұйымдастырылуы мен жүзеге асырылуы облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының қатаң бақылауында.

Гендерлік саясат «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» және «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» атты заңдармен реттеледі. Бұл заңдар азаматтардың мүдделері мен бостандықтарын, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесуде конституциялық құқықтарын қорғауға бағытталған. Гендерлік саясат әйелдерге тең қолжетімділікті және өмірдің барлық салаларына қатысуды қамтамасыз етуі қажет. Бүгінде әйелдер саясатта, бизнесте, экономиканың барлық салаларында ер-азаматтармен қатар еңбектеніп, қабілет дарынымен, іскерлігімен көзге түсіп қана қоймай, облысымыздың өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосуда. Қазіргі таңда әйелдердің саяси көшбасшылығы уақыт өткен сайын айқындалып келеді. Жалпы, әйел заты қазақ қоғамында қашанда ардақты саналған. Жалпы гендер («qender» ағылшын тілінен ауд. «рол», «тек» деген мағ. білд) – бұл, биологиялық емес, әлеуметтік жағдайларға (қоғамдық еңбектің бөлінуі, спецификалық әлеуметтік функциялар, мәдени стереотитер) тәуелді әлеуметтік жыныс, әйелдер мен еркектер арасындағы айырмашылықтар деген мағынаны білдіреді.

Гендер дегеніміз – еркек пен әйел арасындағы дене бітімінің айырмасы емес, ер азаматқа тән қасиеттер мен әйелдік болмыстың әлеуметтік тұрғыдан қалыптасқан өзіндік ерекшеліктері болып саналады.

Еліміздің психологиялық әдебиеттерде «гендер» термині өте сирек кездеседі. Өйткені бұрынғы кездесрі көбінесе әйел адамды тек (шаңырақтың сақтаушысы», «ьала күтушісі» ретінде қарап, қоғамдық жұмыстарға араласытырмаған. Ал қазіргі таңда бұл жағдай өзгеріп барады. Гендерлік зерттеулер адам жайлы ілімнің барлық негізгі аймақтарына кіре бастады. Біреулері «гендерлік зерттеулерді» әйелдердің мүддесі үшін әйелдердің әйелдерді зерттеуі деп түсінеді. Бірақ бұл дұрыс түсінік емес. Қазіргі заманда әйелді адам қоғамдық жұмыстардың барлық саласында, яғни билік басында да, ғылымда да, жеке кәсіпкерлікте де, әскери істе де кездестіруге болады. Яғни, мәселе әйел адамдардың осы іс-әрекет түрлеріне қандай дәрежеде арласып жүргенінде. Қазіргі таңда Түркістан облысындағы барлық саласында әйелдер қауымын өте көп кездестіруге болады. Бұл қуантарлық жағдай. Жалпы елімізде халықаралық құқық пен халықаралық міндеттемелердің жалпыға бірдей принциптері мен нормаларын орындауы – бұл мемлекеттік гендерлік саясаттың міндеттерін іске асыру және мемлекет тіршілігінің барлық салаларындағы ерлер мен әйелдердің теңдігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік кепілдікті сақтау құралдарының бірі. Қазіргі қоғамда гендерлік саясатты іске асыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағытына айналып отыр. Оны жүзеге асыру демократияға қол жеткізудің, еліміздегі мемлекеттілікті нығайтып, қоғамды жаңғыртудың негізгі факторларының бірі деуге болады. Гендерлік саясатты жүзеге асыру – демократияға жетудің негізгі факторларының бірі екенін ұмытпаған абзал. Гендерлік саясат әйелдерге тең қолжетімділікті және өмірдің барлық салаларына қатысуды қамтамасыз етуі керек. Бүгінгі әйелдер саясатта, бизнесте, экономиканың барлық салаларында ер азаматтармен бірге еңбектеніп, іскерлігімен көзге түсіп, облысымыздың дамуына, сонымен қатар отбасының жарамсымдылығына үлестерін қосып келеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *