Қырғызстан мен Өзбекстан 2024 жылдан бастап автокөліктің 12 үлгісін шығармақ

Қырғызстан мен Өзбекстан 2024 жылдан бастап бірлесіп авкөліктің 12 үлгісін шығара бастайды. Бұл туралы «Кабар» агенттігіндегі баспасөз конференциясы кезінде Қырғыз Республикасы Экономика және коммерция министрі Данияр Амангелдиев мәлім етті. Kazinform бұл туралы Кабар-ға сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазіргі уақытта «Алтын-Тұлпар» автожинақтау зауыты пайдалануға беруге дайындалып жатыр. Бұл – «УзАвтоСаноат»-пен бірлескен жоба. Келер жылы ол жобалық жұмысын бастайды деп ойлаймын», — деді ол.

Министр жобаны Өзбек-Қырғыз даму қоры қаржыландыратынын атап өтті.

Қырғызстанда автокөлік және коммерциялық техника өндірісін ұйымдастыру келісіміне Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің Қырғызстанға сапары кезінде қаңтарда қол қойылғанын еске сала кетейік. Жобаға сәйкес, ол үш кезең бойынша жүзеге асады. Алғашқы үш жылда 10 мың авто және коммерциялық техника жасалады. Жұмысқа 500 адам тартылады.

Екінші кезеңде автобөлшектер жасау қосылып, 20 мың авто мен коммерциялық техникаға дейін шығарылады. Жұмыс орындары саны – 1000.

Ары қарай өндіріс көлемі 30 мың авто және коммерциялық техникаға дейін артып, мекемеде жұмыс істейтін қызметкер саны 2000 адамға жетеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *