Отбасының басты тірегі – сенім

«AMANAT» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясында Кентау қалалық орталық балалар кітапханасында «Тәртіптің ең тамаша мектебі — отбасы» атты үлгілі отбасымен сыр-сұхбат өткізілді.

Сыр сұхбат кешінің қонағы үлгілі Тойшиевтер отбасы болды. Ұлы дана, ғұлама Әбу Насыр әл-Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» десе, ал В. Белинский «Бала тәрбиесіне ерекше мән берілуі керек, тәрбиенің арқасында болашақ адамзат тағдырының негізгі мәселесі шешіледі» деп дұрыс айтқан.

М. Жұмабаев «Жас бала-жас бір шыбық, жас күнде қай түрде иіп тастасаң есейгенде сол иілген күйінде қатып қалмақ» — деген.

Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтіп жатады. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын -тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі. Бaлa тәрбиесі oсы өміpгe кeлгeннeн бaстaп қaдaғaлaуды қaжeт eтeді. «Тәpтіптің eң тaмaшa мeктeбі – oтбaсы» дeйді хaлық.

«Тәртіптің ең тамаша мектебі — отбасы» атты үлгілі отбасымен сыр сұхбатқа қонаққа келген Тойшиевтер отбасы өздерінің отбасымен таныстырып өтіп, отбасыларыңыздағы ең басты құндылықтарды, «Отбасы-тәрбие бастауы» дегендей отбасындағы бала тәрбиесін, ондағы ұстанымдары, талаптарын айтып өтті.

Оқырмандар тарапынан қойылған «Отбасындағы әрбір адамның ең жақсы қасиеттері жайлы әңгімелеп берсеңіздер?», «Ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастығы қаншалықты тығыз байланыста болу қажет?» деген сұрақтарына отбасының отағасы Тойшиев Ғалымжан жауап берді. «Отбасында әуелі сенім мен сезім, сүйіспеншілік пен сыйластық болса, қандай жағдайда болсын өмірдің ащысы мен тұщысын, суығы мен ыстығын, қайғысы мен қуанышын бірге бөлісіп, бақытқа жете алады» деп сөзін қорытындылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *