Сарыағашта газ тарату станциясы іске қосылды

Сарыағаш ауданы тұрғындарымен жүздескеннен кейін облыс әкімі Дархан Сатыбалды жаңадан салынған газ тарату стансасын іске қосу шарасына қатысты.

– Бүгін аймағымызда тағы бір маңызды нысан іске қосылды. Бұл – тұрғындар үшін тиімді. Біз елді мекендерді газдандыру жұмыстарын жалғастырамыз, – деді Дархан Амангелдіұлы.

Дербісек ауылдық округіндегі «Тоболино» АГТС нысанының құрылысы 2019 жылы басталып, 2020 жылы аяқталған.

Былтыр қараша айында магистралды газ құбырына үрлеу, қысымдау жұмыстары жүргізіліп, акт түзілді. Ал, биылғы ақпан айында «Тоболино» АГТС мен «Тоболино» ГТС арасындағы жоғары қысымды газ құбырын үрлеу қысымдау жұмыстары жүргізілген.

Енді міне, Тоболино АГТС-на «Интергаз» магистралды желісінен табиғи газ жіберілді. Енді «БМГЖ» ЖШС қызметкерлері «Тоболино» АГТС нысанында газ жабдықтарын, оператор бөлмесіндегі автоматтандыру жүйесіне бағдарламалар орнату және фильтр орнату секілді жұмыстарын жүргізеді деп күтілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *