Шардарада тамшылатып суару қондырғыларын шығаратын зауыт салынбақ

Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев Түркия елінің «Vero Group» компаниясының негізін қалаушы Осман Бозкурт бастаған бір топ инвесторды қабылдады.

Инвесторлардың жоспары бойынша Шардара қаласында тамшылатып суару қондырғыларын мен құрал-жабдықтарын және құбырларын шығаратын зауыт ашуға ниетті. Кездесуде аудан әкімі жобаны іске асыру мақсатында мемлекет тарапынан бірқатар жеңілдіктер мен преференциялар, мүмкіндіктер барын талқылады. Түрік инвесторлары Шардара ауданының мүмкіндігіне қызығушылық білдіріп, жобаны алдағы уақытта іске асыруға ниетті екендігін жеткізді. Тараптар аталмыш бағыт бойынша тиісті жұмыстар жүргізуге келісті.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа экономикалық үлгіге өту бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берген болатын. Соның ең бастысы инвестиция тарту, яғни жаңа кәсіпорындар мен жұмыс орындарын ашу. Ауылдық жерлерді дамыту мақсатында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Шардара ауданында былтыр 4 елді мекенде 1,2 млрд. теңгеге 21 жоба жүзеге асырылды, биыл 4 елді мекенде 629 млн. теңгеге 5 жобаны іске асыру мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Жалпы ауданның негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне қысқаша тоқталар болсақ. Өткен жылы аталған көрсеткіштерде өсім байқалды. Жалпыөңірлікөнімкөлемі 2020 жылданбері 2 есегеөсіп, былтыр 113 млрд. теңгегежетті. Биыл 3 айда бұлкөрсеткіш 13,2 млрд. теңгеніқұрап, өткенжылдыңтиістікезеңіменсалыстырғанда 11 пайызғаөскен. Шағынжәне орта бизнес субъектілерінің саны соңғы 3 жылда 9 пайызғаөсіп, 2023 жылы 11 мыңғажуықтады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *