Түлкібас ауданында шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында 24 жоба іске асырылмақ
Түлкібас ауданында көтерме және бөлшек сауда тауар айналымы 12 айдың қорытындысы бойынша 16 562,1 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,8 пайызға өсті. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны (тіркелгені) 10 022 құрап, онда 13,3 мың адам жұмыспен қамтылған.
Биыл ауданда шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында жалпы құны 2,5 млрд. теңгені құрайтын 24 жобаны («Каратаева Айман» ЖК, «Қожа Сейдазимова Парагат Абиловна» ЖК, ЖК «А.Сайтов» ет-сүт сақтау қоймасы, СПОРТ комплекс, «Масатбаев Амирхан» ЖК дүкен, «Тіс емханасы», «Кочкаров Әбдінаби Әхманұлы» ЖК, Жабық футбол алаңы, «Козыбаева» ЖК азық- түлік дүкені. «Була» ЖК маусымаралық бассейн, «Жанабай» ЖК спорт комплексі, Жеке кәсіпкер азық-түлік дүкені, «Тургынбаев Мадихан» сауда дүкені, «Арзу» дүкені, «Кирбаев Марат» ЖК, «Анаркулов Исламбек» асханасы, «Хан Нұры» кафесі, «Айдаркулова Атиркул» құрылыс дүкені, «AURUS» ЖСШ күрес залы) іске асыру жоспарланған, жоба толық іске асқан жағдайда 168 жаңа жұмыс орыны ашылады.
Еліміздегі шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің 10,3 пайызы Түркістан облысында екендігі сөз болды. Сәйкесінше, былтыр бұл саладағы өнім көлемі 1 210 422 млн. теңгені құрап, 292 620 адам жұмыспен қамтылған. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының мәлімдеуінше, өңірімізде кіріс көздерін көбейтуге, өңдеу өнеркәсібін дамытуға, инвестиция тартуға, салық көздерін табуға, зауыт-фабрикалар ашуға басымдық беріп келеді. Айталық, былтыр өңір экономикасына 972 млрд. теңге (жеке инвестициялар – 705,1 млрд. теңге бюджеттік инвестициялар – 266,9 млрд. теңге) инвестиция тартылып, оның алдындағы жылмен салыстырғанда көрсеткіш 126,1%-ға артты. Өсім динамикасы бойынша облысымыз республикада үздік үштікке енді.