Сауран ауданында жаңадан 20 трансформатор орнату жоспарланған
Сауран ауданына қарасты елді мекендердегі электр желілері мен бағаналары 70-ші жылдары салынып, тозығы жеткен. Қазіргі таңда 32 жоба әзірленіп, 17 жобаға сараптаманың оң қорытындысы алынды (5.7 млрд. теңге) Аталған жобаларды қаржыландыруға республикалық бюджетке өтінім жолданды.Сонымен қатар, 2023 жылы бюджет есебінен 39 дана трансформатор орнатылды және 2024 жылға 20 данасын алу жоспарлануда.«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-мен «Қайта құру және жаңғырту» бағдарламасы бойынша 2024-2027 жылдар аралығында 68,6 шақырым электр желілері (ВЛ-35кВ, ВЛ-10кВ, ВЛ-0,4кВ) жаңартылып, 20-дана трансформатор орнатылуы жоспарлануда.
Айта кетейік, Түркістан облысының электр қуатына жалпы қажеттілігі сағатына 320 МВт болса, оның 80 пайызы сыртқы көздерден тасымалданады. Елді мекендердің 98 пайызы, яғни 816 елді мекен орталықтандырылған электр желісін пайдаланады. Өңірдегі 16 ауыл шалғайда орналасуына байланысты күн сәулесі панелі, дизельді генератор секілді өзге де қуат көздерімен қамтылған.
Өткен жылы 104 мың тұрғыны бар 40 елді мекенде 36 нысанның құрылысын аяқтау жоспарланған. Қазіргі таңда 28 нысанның құрылысы аяқталып, 26 елді мекендегі 52,4 мың тұрғын сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілді. Ал, 8 нысанның құрылысын биыл жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.
Биыл 44 елді мекен, 49,8 мың тұрғынды сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету көзделуде. Электр қуатының тапшылығын «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, 1000 МВт бу-газ қондырғы стансасын салу арқылы шешу жоспарлануда. Қазіргі уақытта нысан үшін жер учаскесі белгіленіп, құрылыс жұмыстары басталды.