Әжелер институтын қайта жандандыру керек

«Отан отбасынан басталады» деп жатамыз ғой. Жанұяның береке-бірлігі – әр сәбидің болашақ қадамы. Отбасы – ол да бір шағын мемлекет. Осы шағын ғана мемлекетте ата-ананың орны қалай ерекше болса, сәбидің де алар орны маңызды. Бала үшін әкесі мен анасының мейірімінен асқан ештеңе жоқ. Ал, ата-ана үшін бала өмірінің мәні де сәні. «Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар» деген де нақыл сөз бар. Бұл сөздің астарында үлкен мән жатыр. Бала артыңда қалар ұрпағың. Өміріңнің жалғасы. Елінің ертеңі. Болашағы  Сондықтан, оларды ұлттық тұрғыдан тәрбиелеу, бойларына қазақтың салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрпын сіңіру баршамыздың алдымызда тұрған негізгі міндет болуы керек.

Қазақ халқында әжелер институты болған. Сол әжелер институтын бізге қайта жандандырып, ұрпақ тәрбиесіне әжелерді көптеп тату керек. Қазіргі таңда мектептерде мерекелер қарсаңында ауылдағы қарияларды шақырып кездесулер өткізу қолға алынған. Соны ары қарай жалғастырып, осы істі жандандыру ләзім.

Жоғарыда айтып өттік қой, әр азамат үшін Отан деген ұғымнан кейін отбасы тұруы керек. Отбасы Отанның әрбір мүшесін дүниеге әкеліп, қанатын қатайтып, ортаға қосатын маңызды орта болып табылады. Әкімнің де, ғалымның да, дәрігердің де, мұғалімнің де ең алғаш тәлім-тәрбие алып, өмірге көзқарасы қалыптасатын орыны бұл. Сондықтан, қазақ қоғамында отбасы берекесі оның толық болғанында. Мұны кешегі өткен данагөй қариялар мен ғұлама ойшылдардың, шешен-билер мен батырлар түрлі тұжырымдарынан да мұны көруге болады. Бала үшін әкенің де шешенің орны, берер тәрбиесі ерекше.

Жалпы ата-ананың тәрбиесі қатар жүрген жерде жақсы азамат қалыптасатыны ақиқат.

Г.ЕШЕНҚҰЛОВА,

Түлкібас аудандық әжелер алқасының төрайымы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *