Жетісай ауданында газбен қамту көрсеткіші 57,1 пайызға жетті

Жетісай ауданынының әкімі С. Мамытовтың мәлімдеуінше, аудандағы бүгінгі таңдағы жағдай бойынша 105 елді мекеннің 60-ы табиғи газбен қамтылған. Бұл аудандағы елді мекендердің жалпы санының 57,1 пайызын құрайды.

Биыл 15 елді мекенді табиғи газға қосу үшін 2,1 млрд. теңге қаржы қарастырылған. Бүгінгі таңда 4 елді мекеннің газ өткізгіш құрылысына мемлекеттік сатып алу конкурсы ұйымдастырылуда. Жыл қорытындысымен   10 нысанның (11 елді мекен) құрылыс жұмыстарын аяқтап, табиғи газға қосу жоспарланған. аудандағы табиғи газбен қамтылатын елді мекендері саны 70 елді мекенге, яғни 66,6 пайызға жететін болады. Ал, 5 нысан 2025 жылға өтпелі. Атап айтар болсақ, олар: Ж. Ералиев ауылдық округі, Жетіқазына, Сейфуллин, Әлімбетов елді мекендірінің газ өткізгішінің құрылысы. Абай ауылдық округі, Халықтар достығы елді мекенінің газ өткізгішінің құрылысы, Жаңа ауыл ауылдық округінің Қарой, Атақоныс, Мырзашөл, Әбдіхалық елді мекендерінің газ құбырларының құрылысы, Жаңа ауыл елді мекенінің газ өткізгішінің құрылысы. Қызылқұм ауылдық округінің, Қызылқұм елді мекенінің газ өткізгішінің құрылысы, Датқа елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету құрылысы, Қарасақал елді мекеніне газ құбырын салу. Мақталы ауылдық округі дархан елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету құрылысы, Алмалы, Мақталы елді мекендеріне газ құбырын салу.

Айта кетейік, Түркістан облысында былтыр 115 мыңнан астам тұрғын газбен қамтылды. Бұл еліміздегі ең үлкен көрсеткіш. Яғни газбен қамтылған әрбір 3-ші ауыл Түркістан өңірінде орналасқан. Өңір тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп келеді. Бір жылда 62 газбен қамту нысанының құрылысы аяқталып, газбен қамтылған елді мекендер саны 513-ке жетті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *