Шымкентте қызылша ауруының эпидемиологиялық ахуалы тұрақтануда
Кешегі күні Шымкент қаласында қызылша ауруының 17 расталған жағдайы тіркелді. Ал, соңғы екі аптаны салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, қалада қызылша ауруының тіркелуі 1,3 есеге төмендегені байқалады. Қосымша жаппай иммундау науқаны басталғалы қалада егуге жоспарланған 118 000 адамның 98,2 пайызы вакцина алған.
«Қызылшамен ауырған 1000 баланың біреуінде энцефалит дамуы ықтимал. Сонымен қатар, соқырлық, кереңдік, пневмония түрінде асқыну болуы да мүмкін. Қызылша ауруы иммундық жадты өшіру қабілетімен белгілі, вакцина алғаннан немесе бұрын болған аурулардан кейін жинақталған иммунитетті әлсіретеді. Яғни, ағза жаңа инфекцияларға анағұрлым осалданады. ЖРВИ, тұмау және COVID-19 сияқты басқа инфекцияларын жұқтыру қаупін арттырады» — деді, Шымкент қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері А. Тулебаев
Сондай-ақ, Шымкент қаласының бас санитар дәрігері адамдар арасында вакциналардың кез келген түріне сенімсіздікпен қарайтындар көбейіп келе жатқанын айтты. Олар вакцинаны алғанша ауырғанды жөн көреді екен.