Ордабасылық шаруа мемлекеттік қолдаумен жылқы шаруашылығын қолға алған

 Қараспан ауыл округінде тұратын шаруа Нұржан Сәуленбеков жылқы бордақылаумен айналысады. Ол 2021 жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 25 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие алған. Сондай-ақ, өз қаражаты есебінен 15 млн теңгеге заманауи жылқы бордақылау алаңын салған. Жоба бастапқы кезеңде 60 бас жылқымен іске қосылып, бүгінде мал басы 150-ге жеткен. Қараспанда жүзеге асып жатқан бұл жоба – мемлекеттік бағдарламаның нақты нәтижесін көрсететін табысты бастамалардың бірі.
Кәсіпкердің сөзінше, жылқы бордақылау мерзімі орта есеппен 100 күнді құрайды. Осы кезеңде әр жылқыдан шамамен 70 мың теңге көлемінде пайда түседі. Шаруашылықта ай сайын 20 тоннаға дейін жем пайдаланылады. Мал күтімі мен азықтандыру жұмыстары белгіленген тәртіппен, тұрақты түрде жүргізіледі. Сонымен қатар, алаңда 6 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Бұл ауыл тұрғындарының табысын арттыруға оң әсерін тигізуде.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *