30 баланы сүндетке отырғызды
Биыл Түлкібас аудандық орталық аурухананың құрылғанына 50 жыл толуына орай 50 іс – шара өткізу жоспарланған болатын. Соның бірі «Сүндет –Мұсылмандық парыз» атты акциясы ақысыз түрде өткізілді.
«Сүндет –Мұсылмандық парыз» атты акцияны аурухана басшысы Ж.Е.Тоғайбекова, басшы орынбасары Ж.М.Ақылбаева және «ана мен бала денсаулығын қорғау ісі» жөніндегі басшы орынбасары З.С.Утегенова балаларға сәттілік тіледі. Акция барысында 3 – 5 жасар 30 – ға жуық бала сүндетке отырғызылды. Акция аясында ауруханамыздың білікті дәрігерлеріміз С.Б.Нұржанов, А.С.Мусрманкулов, Коппай Мақсат, Мирхакимов Фурхат балаларға хирургиялық сапалы көмек көрсетті. Іс-шара барысында балалардың көңіл-күйін көтеру барысында ойындар ұйымдастырылды. Арнайы сыйлықтар үйлестірілді. Ата-аналар тарапынан алғыстар айтылып, дәрігерлердің жұмысына сәттілік тіледі.
Айта кетейік, облыс халқының 38%-ы балалар, олардың 155 мыңнан астамы балабақшада, 520 мыңы мектепте. Еліміздегі әрбір 7-ші оқушы Түркістан облысында тұрады. Бұл республикадағы ең жоғары көрсеткіш. Өңірде балалардың жан-жақты дамуына барынша жағдай жасалуда. Балабақша, мектеп, «Оқушылар сарайы», түрлі өнер және спорт үйірмелері жұмыстарын бір сәт те тоқтатқан емес.