Түркістан облысында 2 — 4 жас аралығындағы балаларды қосымша жаппай иммундау жұмыстары аяқталды
Түркістан облысында ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 6-10 айлық және 2-4 жастағы балалар арасында қосымша жаппай иммундау жүргізу туралы қаулысына сәйкес, тиісті жұмыстар атқарылды. Өңірде жоспарланған 2 — 4 жас аралығындағы 134 800 баланың қосымша жаппай иммундау шеңберінде 138 666 бала қызылшаға қарсы иммундаудан өтті. Жоспар 102,9% орындалды. Осылайша бүгін 2 — 4 жас аралығындағы балаларды қосымша жаппай иммундау жұмыстары аяқталып, эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанға дейін 6-10 айлық балалар арасында егу жұмыстары жалғасатын болады.
Облыста қараша, желтоқсан, қаңтар айларында қосымша жаппай иммундаудың белсенді жүргізілуінің себебінен 2024 жылдың басынан қызылша инфекциясы бүгінгі күнге 57,8% төмендеді.