Түркістан облысында кортеж жасап, көлікте салют атқан жастар жауапқа тартылды
Әлеуметтік желіде тараған видеодан көше бойында жүрген Lada-21705 көлігінің «дрифт» жасап, жол ережесін өрескел бұзғанын көруге болады. Тіпті, жүк салғышының үстіне салют қойып атқан. Жол ережесін сақтамай, өзге көліктерге кедергі келтіріп, авариялық жағдай туғызған. Мониторинг жұмыстарын жүргізген тәртіп сақшылары оқиғаның Ордабасы ауданында болғанын анықтады. Көлік жүргізушісі әкімшілік жауапқа тартылып, көлігі айыптұраққа қойылды.
«Lada-21705 көлігінің жүргізушісі ҚР ӘҚБтК 593-бабы 1-бөлігі, 590-бабы 2-бөлігі, 606-бабы 1-бөлігі бойынша жауапқа тартылды.Жүргізуші кінәсін толық мойындап, алдағы уақытта мұндай бассыздықтарға жол бермейтінін жеткізді» — делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.