Жетісай ауданында 250 жоба қаржыландырылды
Жетісай ауданында өткен жылдың қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының жалпы өңірлік өнім көлемі 174,1 млрд. теңгеге орындалды. 2023 жылға арналған бюджеттің шығыс жоспары 23,9 млрд. теңгені құрап, өзіндік кірістер 4,5 млрд. теңгеге, субвенция 2,8 млрд. теңгеге, трансферттер көлемі 16,4 млрд. теңгеге, оның ішінде даму трансферттері 9,8 млрд. теңгеге, ағымдағы трансферттер 6,6 млрд. теңгеге артты.
Сонымен қатар, шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 20 мыңнан асты. Олар өндірген өнім көлемі 81,8 млрд. теңгені құрады.Ауыл шаруашылығында өндірілген өнімнің жалпы көлемі 118,1 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы 92,7 млрд. теңге, мал шаруашылығы 25,4 млрд. теңге, ал, негізгі капиталға тартылған инвестиция 6,6 млрд. теңгеге жетті. Шаруалар егілген бақшадан 566 мың тонна, мақтадан 122 мың тонна 27 центнер өнім алынды. Айта кетейік, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 1,8 млрд. теңгеге 320-дан астам өтінім беріліп, 250 жоба 1,5 млрд. теңгеге қаржыландырылды.
Ағымдағы жылы аудан бюджеттінің кірісі мен шығысы 17,3 млрд. теңге болып бекітілді. Ал, өзіндік кірісінің жоспарының үлесі 4,6 млрд. теңгені құрады.
Ауданда инвесторлар тарту бойынша жан-жақты жұмыстар жүргізілуде. Былтырғы жылға негізгі капиталға тартылатын инвестиция көлемі нақты 25,4 млрд. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда 10 млрд теңгеге артық. Жалпы 2023 жылы ауданда жалпы соммасы 3,9 млрд. теңгені құрайтын 11 инвестициялық жоба іске асырылып, 754 жаңа жұмыс орны ашылды. Атап айтар болсақ, Жетісай қаласында ЖК «Балғабаева г» құны 540,0 млн.теңгеге «Сауда, ойын-сауық кешені»жобасын іске асырды. «Бүгінгі таңда 1-этап бойынша құрылыс монтаж жұмыстары аяқталды», — дейді сала мамандары.