Сайрам ауданында «Ауыл-Ел Бесігі» бағдарламасы аясында 41 көше жөнделеді

Былтыр Сайрам аудан аумағында аудандық және ішкі көшелердің құрылыс жұмыстарын жүргізуге 2 млрд 715 млн теңге қаржы қаралған болатын. Нәтижесінде, аудандық маңызы бар 5 автомобиль жолының күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтар болсақ, олар: аудандық маңызы бар КХ-36 Ақсу-Көмешбұлақ автокөлік жолы, аудандық маңызы бар КХ-14 Манкент-Калдаман-КХ-97 автокөлік жолы, Сайрам ауданы КХSR-19 «Қарасу-Ақбастау-Шымкент қаласының шекарасы» аудандық маңызы бар автомобиль жолындағы көпір, Сайрам ауданы Ақсу-Көмешбұлақ КХ-36 аудандық маңызы бар автомобиль жолындағы көпір және Сайрам ауданы КХ-40 «Ақсу-Манкент-Жібек Жолы» аудандық маңызы бар автомобиль жолы.

Сонымен қатар, өңірде «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында 25 көшенің  (45,5 шқ) орташа жөндеу жұмыстарына 1 млрд 041 млн 868 мың теңге қаржы қаралды. Аудандық бюджеттен 11 көшенің (24,7 шқ) орташа жөндеу жұмыстарына  448 млн 616 мың теңге, Қарасу ауылындағы А.Байтұрсынов көшесінің күрделі жөндеу жұмыстарына 50 млн теңге қаржы бөлінді. Аталған жолдардың құрылыс жұмыстары толық аяқталды.

Ал, биыл жыл басында Сайрам ауданы орталығынан өтетін облыстық маңызы бар КХ-3 «Көксәйек-Ақсу-Шаян-Шынбұлақ» автомобиль жолының 25,5 шақырым аралығы мен 33,8 аралығының күрделі жөндеу жұмыстарына мемлекеттік сараптама мен жобалық сметалық құжаттама әзірленді.

Сонымен қатар, аудандық маңызы бар 3 (үш) көшеге (16,2 шақырым) орташа жөндеу жұмыстарына 600 млн теңге қаржы қаралды. «Ауыл-Ел Бесігі» бағдарламасымен жалпы 59,8 шақырымды құрайтын 41 көшенің орташа жөндеу жұмыстарына 920 млн теңге қаржы қаралған.Сайрам аудандық ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімнің басшысы Б.Бейсембаевтың мәлімдеуінше, қазіргі таңда аталған жолдардың мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *