Сарыағашта тұрғындардың 92 пайызын ауыз сумен қамту жоспарлануда

Сарыағаш ауданында 63 елдімекен бар. Онда 221 681 тұрғын тұрады. 63 елдімекеннің 44-і (халық саны 161 065) орталықтандырылған ауыз су құбырымен қамтылған, бұл көрсеткіш елді мекен санына шаққанда 69,8 пайызын құрайды.Сарыағаш ауданы бойынша елдімекендердегі ауыз су жүйелері мен су қондырғыларына қызмет көрсетуші 3 мекеме жұмыс істейді.

Қазіргі таңда ауданда 2023 жылдан 2024 жылға өтпелі 6 нысанның құрылыс-монтаж жұмыстары жүріп жатыр. Атап айтар болсақ, бұл құрылыс жұмыстары Қланбек ауыл округі Жонарық елдімекенінде, Дербісек ауыл округі Дербісек елдімекенінде, Құркелес ауыл округі Береке елдімекенінде, Жартытөбе ауыл округі Құрама елдімекенінде, Жылға ауыл округі Жылға, Нұрауы, Ферма-3 елді мекендерінде, Жылға ауыл округі Шайхана елдімекенінде жүргізілуде.

Бүгінде тұрғындарды таза ауызсумен қамту бойынша Жібек жол ауыл округі Жаңатұрмыс елдімекенінде, Қланбек ауыл округі Қанағат елдімекенінде, Қланбек ауыл округі Ақниет су қоймасы елді мекенінде, Қланбек ауыл округі Ақниет елдімекенінде қолға алынған құрылыс жұмыстары аяқталды. Сала мамандарының мәлімдеуінше, қазіргі таңда 9 елді мекенге жобалау-сметалық құжаттамасыәзірленіп, бюджетен қаржы бөлуге құжаттамалар ұсынылды. Сонымен қатар 3 елдімекенге 2024 жылға құрылыс жұмыстарына қаржы қаралған.

Одан бөлек 5 елді мекенге орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр.

Аталған жұмыстар аяқталған уақытта Сарыағаш ауданындағы 34 елді мекен тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтылып, оның ішінде 22 елді мекен тұрғындарына тәулігіне 24 сағат ауыз су беруді іске асырылады. Жалпы аудан тұрғындарының 92 пайызы таза ауыз сумен қамту жоспарланып отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *