Саурандық кәсіпкерлердің жиһаздары көптің көңілінен шығуда

Жақында Сауран ауданына баспасөз-туры ұйымдастырылды. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері алдымен Оранғай ауылдық округіндегі жаңа тігін цехының ашылу салтанатына қатысты. Тігін цехы аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың бастамасымен «Игілік» әлеуметтік жобасы арқылы қолға алынған. Бүгінде жобаға көпбалалы және атаулы әлеуметтік көмек алушы, мүгедектігі бар аналар қатысып, тігін тігуді үйренуде.

Аталған ғимаратқа аудандағы жеке кәсіпкер «Sem-Brand» жиһаз фабрикасының басшысы Бабыр Абиловтың демеушілігімен 7 дана тігін машинасы алынған. Тігін тігуді үйренген 10 азаматшаны жеке кәсіпкер тарапынан тұрақты жұмыспен қамту жоспарлануда. Аталған жоба алдағы уақытта аудандағы барлық ауылдық округтерде қолға алынбақ.

Мұнан кейін журналистер Жүйнек ауылдық округінде жаңадан ашылған «Asia Brand» жиһаз цехының жұмысымен танысты. Бүгінде кәсіпорында 30 қызметкер тұрақты жұмыспен қамтылған. Кәсіпорында жатын және қонақ бөлмеге, ас үйге арналған жиһаздар жасалады. Өндіріс орнының жылдық қуаттылығы — 10 000 дананы құрайды. Кәсіпорын басшысы Ұйғын Әбішевтің сөзінше, жиһаздарға отандық және түрік материалдары қолданылады. Сондай-ақ, фабрика өнімдері сапа менеджменті сертификатымен расталған. Бүгінде цех қызметкерлері жиһаздың сан түрін жасап шығарып жатыр.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *