Сауран ауданында 18 инвестициялық жоба іске асырылады
Сауран ауданында 12 ауылдық округ, 34 елді мекен бар. Халық саны 101 мың 981 адамға жетіп, облыс халқының 4,8 пайызын құрап отыр. Былтыр ауданның жалпы өңірлік өнімі 120,4 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 119,2 пайызға артты. 2022 жылы бұл көрсеткіш 101,0 млрд. теңге болатын.
2024 жылы 37,0 млрд.теңгеге 18 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. 849 жұмыс орыны ашылады. Жобаларды атап өтсек:
- Шаға ауылынан «Turkistan Fruit» ЖШС — 400 гектарға қара өріктен жеміс шырынын тікелей сығу өндірісі. Жоба құны — 8,5 млрд.теңге. 2022-2026 жыл (жұмыс орындар саны — 54, жер аумағы – 400 гектар)
- Шорнақ ауылынан ЖК «Sauran Plast» — Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу арқылы қоқыс қалтасын шығаратын өндірістік кешені. Жоба құны — 500 млн.теңге. (жұмыс орындар саны — 15, жер аумағы – 3 гектар)
- Шыпан ауылынан ЖК «ASIABRAND» — Отбасылық, тұрмыстық жиһаз жасау өнеркәсібі. Жоба құны — 800 млн.теңге.
- Теке ауылынан ЖК «ND PLAST TURAN» — Тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу. Жоба құны — 300 млн.теңге.
- Шойтөбе ауылынан «ІDEAL TURKESTAN» ЖШС — Жұмсақ жиһаз өнеркәсібі. Жоба құны — 500 млн.теңге.
- Бостандық ауылынан «Ныш Ер» ЖШС — Демалыс орны және қонақ үй құрылысын салу. Жоба құны — 2,2 млрд.теңге.
- Еңбекші Диқан ауылынан ЖК «ӨЗЕН» — Демалыс орны. Жоба құны — 350,0 млн.теңге.
- Қаражон ауылынан ЖК «Ердаулет» — Демалыс орны. Жоба құны — 350,0 млн.теңге.
- Шорнақ ауылынан «Sayazhai» ЖШС — Жол бойындағы «Бауырсақ» қызмет көрсету орталығы. Жоба құны 424,0 млн.теңге.
- Абай ауылынан «SAKETAU Resort» ЖШС — Отбасылық демалыс орны. Жоба құны — 150,0 млн.теңге.
- Шойтөбе ауылынан «HEVEL KAZAKHSTAN» ЖШС — 20 МВт күн электр станциясының құрылысы. Жоба құны — 8,0 млрд.теңге. 2024-2025 жыл.