Төлеби ауданында 11 елдімекеннің көшелері жөндеуден өткізіледі
Төлеби ауданында былтыр 33 ішкі көшелерді орташа жөндеуден өткізуге аудандық бюджеттен 353 млн теңге, “Ауыл-Ел бесігі” бойынша 7 елді мекеннің 29 ішкі көшелерін орта жөндеуден өткізуге 835 млн теңге бөлініп, жұмыстар атқарылды.
2024 жылы 6 елді мекеннің 8 ішкі көшелерін орта жөндеуден өткізу үшін 182 млн теңге, “Ауыл-Ел бесігі” бойынша 5 елді мекеннің 5 көшелерін орта жөндеуден өткізуге 159 млн теңге қаржы қарастырылуда.
Айта кетейік, Түркістан облысында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 17 459 шақырымды құрайды. Оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар 723,1 шақырым болса, облыстық маңызы бар жолдар 3 983,3 шақырымды, аудандық маңызы бар жолдар 1 725,7 шақырымды, елді мекен ішіндегі көшелер 11025,7 шақырымды құрайды.
5 жылда 6 мың шақырымнан астам жол жөндеуден өтіп, жергілікті маңызы бар жолдардың нормативтік үлесі 71 пайыздан 92 пайызға дейін жетті. Былтыр 1,5 мың шақырымға жуық жолға құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2023 жылдың 25 қарашасында «Дарбаза– Мақтаарал» теміржолының құрылысы басталды. Бұл теміржол желісінің құрылысы Қазақстанның көлік әлеуетін дамытуға бағытталған. Оны іске асыру қолданыстағы Сарыағаш–Ташкент учаскесінен жүк ағынын қайта бағдарлауға, Сарыағаш стансасы жүктемесін түсіруге және осы бағытта экспорттық жүктерді тасымалдауды ұлғайтуға мүмкіндік береді.