Сайрам ауданында «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 64 кәсіпкерге қолдау көрсетілді

Сайрам ауданында былтыр 48,8 млрд.теңгенің өнімі өндірілді, оның 81,5 пайызы немесе 39,8 млрд.теңгесі өңдеу  өнеркәсібіне тиесілі. Өнеркәсіпте өндірілген өнім көлемі 5 жылда 1,8 есеге артқан(2019 ж. — 27,7 млрд.тг.). Ал, биыл өнеркәсіп өнімін 55,5 млрд.теңгеге жеткізіп, 13,7 пайызға ұлғайту жоспарланып отыр.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен 64 кәсіпкерге 1,8 млрд.теңге көлемінде қолдау көрсетілген.

Аудан экономикасының тұрақты дамуы есебінен аудан бюджетінің өзіндік кірістері артуда. 2023 жылға өзіндік кірістер жоспары  9,2 млрд. теңгені құрап, 2022 жылдың нақты түсімімен салыстырғанда 3,7 млрд.теңгеге ұлғайды (2022 ж.– 5,5 млрд.тг).

2023 жылы Түркістан облысының экономикасына 972 млрд. теңге инвестиция тартылып, бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 126,1%-ға артты. Оның ішінде жеке инвестициялар 705,1 млрд. теңге болса, бюджеттік инвестициялар – 266,9 млрд. теңге. Өсім динамикасы бойынша облыс республикада 3-орында тұр. Үкімет бекіткен жоспар (908,2 млрд. теңге) 107%-ға орындалды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды аппарат мәжілісінде бұл бағыттағы жұмыстарды әлі де жандандыра түсіп, жаңа өндіріс және жаңа жұмыс орындарын ашу мәселесі өте маңызды екенін айтып:

– Біздің басым бағыттарымыз – инвестиция тарту, өндіріс орындарын және жұмыс орындарын ашу. Жауапты басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдері бұл бағыттағы жұмысты әлі де жандандыра түсуі керек. Инвестиция тарту жұмысы жыл он екі ай бойы үздіксіз жүргізілсін. Шағын және орта кәсіпкерлік саласын дамытуда түйткілді мәселелер бар. Нақты жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерді тіркеп, есепке алу қажет. Шағын және орта кәсіпкерлікке тұрғындарды ынталандыру, қолдау көрсету жұмыстарын жандандырыңыздар – деп сала басшыларына тапсырма берді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *