Түркістан облысында жол-көлік оқиғаларынан 380 адам қайтыс болды

Түркістан облысында ерекеше акция басталды. Яғни, апатқа ұшырап, жарамсыз болып қалған көліктерді тиеген эвакуаторлар қала көшелерін аралап, жол қауіпсіздігінің салдарын көрсетіп жатыр. Сондай-ақ, «Жылдамдықты асырмаңыз, Сізді үйде отбасыңыз күтіп отыр», «Қарама қарсы бағытқа шықпаңыз, бұл Сіздің және өзгелердің өміріне қауіпті», «Ойланыңыз, мас халде көлік жүргізу аса қауіпті» деп көліктерге жазылған сақтандыру сөздері де бірден көзге түседі. Полицейлер де дауыс ұлғайтқыш арқылы жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытындағы ескертпелер айтуда.
«Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың бастамасымен облыс орталығында аса маңызды акция ұйымдастырылып отыр. Осы арқылы тұрғындарға ой салып, адамдар санасында жол апатының салдары өте ауыр екені ұғындырылуда. Түркістан қаласынан бастау алған акция 1 апта бойына жалғасады. Облыстағы 17 қала, ауданда да өткізіліп, түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз» — дейді Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнәр Әбдіжаппарова.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *