Қатарлық инвестор қазақстандық банкті сатып алуға ниет білдірді

Штаб-пәтері Дохада орналасқан Lesha Bank «Бәйтерек» холдингіне тиесілі қазақстандық банктің акцияларын сатып алу жоспарын айтты. Бұл туралы Катар қор биржасының сайтында жарияланған ресми мәлімдемеде айтылған.

«Lesha Bank 2024 жылғы 14 ақпанда «Бәйтерек» Ұлттық холдингі» АҚ-мен банктің барлық жарғылық капиталын сатып алу туралы алдын ала бастапқы келісім жасасты», — делінген хабарламада.

Мәлімдемеде қай қазақстандық банк туралы сөз қозғалып жатқаны көрсетілмеген. Айта кетерлігі, «Бәйтерек» ҰБХ 2022 жылдың қыркүйегінде «Береке» банкінің жалғыз иесі атанды.

«Бұған дейін Qatar First Bank (QFB) ретінде белгілі болған Lesha Bank Қатар қаржы орталығының реттеуші органы (QFCRA) рұқсат берген және Қатар қор биржасында листингтен өткен шариғат талаптарына сәйкес келетін алғашқы тәуелсіз банк. Банк тартымды премиум инвестициялық мүмкіндіктер мен инновациялық қаржылық шешімдерді ұсына отырып, инвестициялық серіктес ретінде әрекет етеді», — делінген оның ресми сайтында.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *