Жас келін референдум учаскесіне той көйлегімен келді
Сайрам ауданына қарасты Қарамұрт ауылындағы жаңадан шаңырақ құрған жас жұбайлар жалпыхалықтық референдумда дауыс берді. Олар осылайша ел ертеңінің негізі қаланып жатқан сындарлы сәтте азаматтық белсенділіктерін байқатты.
Жұбайлық өмірге жаңадан қадам басқан жас отбасы иелері — Лазизхан Шарипов пен Махбуба Шарипова. Олардың бірінің жасы — 22-де, енді бірінің жасы — 28-де. Жас жұбайлар болашақтарының жарқын болуы жолында №584 референдум учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады.
«Бүгінгі күн — еліміз үшін де, біз үшін де ерекше маңызды күн. Құқықтық саясат салтанат құрған мемлекетіміздің әрбір азаматы сайлауға қатысып, дауыс беруі міндет деп санаймыз. Сондықтан бүгінгі болатын үйлену тойымызға қарамастан, сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауымызды жасадық, — деді жас жұбайлар.