Таза Қазақстан: Келес ауданында сенбілік барысында 3 тоннаға жуық қоқыс шығарылды

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына ерекше назар аударды. Президент акцияның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, патриоттық құндылықтарды дәріптеу және қоршаған ортаға ұқыпты қарау екенін атап өтті. Ол бұл жоба уақытша акция емес, жыл бойы жалғасуы тиіс маңызды бастама екенін жеткізді.

Осы бастаманы іске асыру аясында Келес ауданында ауқымды сенбілік өтті.

Тазалық шарасы «А-15» республикалық маңызы бар автожолы бойында, сондай-ақ ауылдар мен ауылдық округтер аумақтарында жүргізілді. Сенбілікке жалпы 300-ге жуық адам қатысты.

Іс-шара барысында аудан аумағындағы 50-ден астам көше тазаланып, 3 тоннаға жуық тұрмыстық қалдық арнайы орынға шығарылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *