«Қалалық маңызы бар жолдарды реттеуіміз керек»

Өңір басшысы Дархан Сатыбалды салаға жауапты басшылармен бірге облыс орталығы Түркістан қаласында жол жөндеу бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.

– Бірінші кезекте, қалалық маңызы бар жолдарды реттеуіміз керек. Ескі қала аумағындағы ішкі жолдарды да назарға алған жөн. Тұрғындардан жол сапасы бойынша наразылығын көп естимін. Жол құрылысын қолға алған мердігерлер мен сапасын қадағалаушы мекемелер тиісті деңгейде жұмыстарын атқарсын, – деген аймақ басшысы жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Қала әкімі тарапынан Ж.Майкотов және Тәуке хан көшесі аралығына жол салу бойынша ұсыныс айтылып, жобасы таныстырылды. Бұл жолдың ұзындығы 1,47 шақырымды құрайды. Жобаны биыл іске асыру жоспарлануда. 2020 жылы жасалған жобаның жобалық сметалық құны 832,06 млн теңге болған. Түзетуден кейінгі құны қымбаттаған. Жоба қайта мемлекеттік сараптамадан өткізілуге ұсынылды.

Түркістан қаласындағы “Ясауи” тұрғын үй кешенінің құрылысы да аяқталуға жақын. Бұйыртса, жаңа тұрғын үйден 88 отбасы баспаналы болады. Облыс әкімі сала мамандарына баспана сапасына баса назар аударуды, құрылысты кестеге сәйкес аяқтауды тапсырды.

Айта кетейік, Түркістан облысында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 17 459 шақырымды құрайды. Оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар 723,1 шақырым болса, облыстық маңызы бар жолдар 3 983,3 шақырымды, аудандық маңызы бар жолдар 1 725,7 шақырымды, елді мекен ішіндегі көшелер 11025,7 шақырымды құрайды. 5 жылда 6 мың шақырымнан астам жол жөндеуден өтіп, жергілікті маңызы бар жолдардың нормативтік үлесі 71 пайыздан 92 пайызға дейін жетті. Былтыр 1,5 мың шақырымға жуық жолға құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *