Сайрамдық волейболшылар халықаралық турнирдің чемпионы атанды
Өзбекстан Республикасының Жизақ облысында 2012–2013 жылдары туған қыздар арасында волейболдан халықаралық чемпионат өтті. Аталған турнирге Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның бірнеше облыстарынан барлығы 24 команда қатысып, өзара бақ сынасты. Жарыс барысында Сайрам ауданының жас волейболшылары «Харезим» және «Самарқан» командаларын жеңіп, турнирдің чемпионы атанды.
Сонымен қатар, турнир қорытындысы бойынша «Үздік ойыншы» номинациясы Сайрам ауданының спортшысы Сахиба Тойхановаға берілді. Бұл жеңіс жас спортшылардың табанды еңбегінің және жаттықтырушылардың кәсіби дайындығының нәтижесі.
