Кентауда көпқабатты үйлердің аулалары жаңғыртылуда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында халықтың өмір сүру сапасын арттыру, қолайлы қала ортасын қалыптастыру мәселелеріне баса мән беріп келеді. Осы бағытта еліміздің барлық өңірлерінде аулаларды абаттандыру, инфрақұрылымды жаңғырту, заманауи қоғамдық кеңістіктер құру жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асуда. Түркістан облысындағы Кентау қаласында да бұл бағытта нақты істер атқарылуда.

Қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру және инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы жұмыстар бүгінде қарқын алып отыр. Осыған орай қала әкімі Жандос Тасов жөндеу жұмыстары жүріп жатқан бірқатар аулаларды аралап, құрылыс барысымен танысты.

Атап айтқанда, Шүлембаев көшесі №4, 8, 10, Т.Рысқұлов көшесі №1, 3, 5, 7, 9, Каленова көшесі №1, 3, 5, 7, 9 және Ы.Алтынсарин көшесі №4, 8, 10 мекенжайларындағы аулаларда орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жоба аясында аулаларға автомобиль жолдары, аяқ жолдар және автотұрақтар салу қарастырылған. Жалпы құрылыс жұмыстары 8511 шаршы метр аумақты қамтиды. Жөндеу жұмыстары 2025 жылдың тамыз айында толық аяқталады деп күтілуде.

Аралау барысында қала басшысы тұрғындармен кездесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Сонымен қатар, жауапты сала мамандарына құрылыс сапасын қатаң бақылауда ұстау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Айта кетейік, бұған дейін Абай даңғылы №19, 23 және Әл-Фараби көшесі №63, 63а, 65/1, 65/2, 65/3, 69, 61 мекенжайларындағы аулаларда жөндеу жұмыстары сәтті аяқталып, пайдалануға берілген болатын. Бұл – тұрғындардың тұрмыстық қолайлығын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстың нәтижесі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *