Қыш құбырлар мен көне құндылықтар – Шардара тарихының жаңа парағы

Шардара ауданында археология саласында орын алған жаңа жетістіктер мен мәдени мұраны сақтау бағытындағы жұмыстар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәдениет пен тарихқа, сондай-ақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына деген ерекше назарын айқын көрсетеді. Ел Президентінің жыл сайынғы Жолдауларында Қазақстанның тарихи және мәдени құндылықтарын сақтау, олардың ғылыми зерттелуін арттыру, ұлттық сананы нығайту – маңызды міндет ретінде белгіленген. Осы мақсатта Парламент пен Үкімет еліміздің мәдени мұрасын сақтау мен дамытуды қамтамасыз ететін заңдар мен мемлекеттік бағдарламаларды қабылдауда, ал жергілікті билік пен мемлекеттік органдар өңірлік деңгейде нақты жұмыстар атқаруда.

Шардара су қоймасының маңынан табылған көне қыш құбырлар – өңірдің бай тарихының айқын дәлелі. Бұл жәдігерлердің табылуы Қазақстанның ежелгі инженерлік ой-санасының, мәдениеті мен өркениетінің жоғары деңгейін көрсетеді. Археологиялық зерттеу экспедициясын Шардара аудандық тарихи-өлкетану музейі мен аудан әкімдігі бірлесіп ұйымдастырған. Қазба жұмыстары барысында табылған құбырлар ұзындығы бір метрге жуық, орташа диаметрі 17-18 сантиметрлік, мұқият және түзу орналастырылған. Музей мамандары көпшілігі сынған құбырларды қайта қалпына келтіріп, қазіргі уақытта олар музейдің тұрақты экспозициясының маңызды бөлігіне айналды.

Бұл археологиялық табылулардың тарихи маңызы зор. Археологтардың пікірінше, құбырлар орналасқан мекен – «Ақтөбе 2» деп аталатын жер, біздің заманымыздың І–IV ғасырларына жатады. Бұл кезең көне түркі мәдениетінің қалыптасу және даму дәуірі болғандықтан, мұндай артефактілер зерттеушілер үшін аса құнды болып табылады. Олар Түркістан өңірінің ежелгі тұрғындарының тұрмысын, инженерлік және мәдени мүмкіндіктерін зерттеуде маңызды рөл атқарады.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауларында еліміздің рухани құндылықтарын сақтап, жастарға патриоттық тәрбие беру, ұлттық мәдениетті жаңғырту мәселесін үнемі алға тартады. Бұл тұрғыда Түркістан облысындағы археологиялық жаңалықтар ерекше маңызға ие. Өйткені бұл өңір – Қазақстанның рухани және мәдени орталықтарының бірі, ежелгі түркі тарихының алтын бесігі ретінде танылған. Мұнда табылған жәдігерлер еліміздің көне тарихын терең түсінуге мүмкіндік беріп қана қоймай, халықтың тарихи санасын нығайтуға, ұлттық бірегейлікті арттыруға қызмет етеді.

Шардара ауданындағы археологиялық экспедиция нәтижесінде табылған көне қыш құбырлар музей қорына енгізіліп, жергілікті халық пен туристерге арналған тұрақты экспозицияға қойылды. Бұл жұмыс – өңірдің мәдени-тарихи мұрасын сақтау және насихаттау ісіндегі маңызды қадам. Түркістан облысының мәдениет және туризм саласындағы мемлекеттік органдары осы бағыттағы жобаларды одан әрі дамытуға ерекше көңіл бөлуде. Олар облыстың тарихи нысандарын халықаралық деңгейде таныту, мәдени туризмді дамыту арқылы экономиканың тұрақты өсуіне ықпал етуді көздейді. Түркістан облысындағы бұл археологиялық табылулардың ғылыми маңызы ерекше болғандықтан, музей мамандары мен археологтар зерттеу жұмыстарын әрі қарай жалғастыруда. Бұл зерттеулер өңірдің ежелгі мәдениеті мен тарихын толық ашуға септігін тигізеді. Осыған байланысты, Мемлекет басшысының мәдени мұраны қорғау мен зерттеуді дамыту туралы бастамаларының маңыздылығы арта түсуде.Түркістан облысында тарихи және мәдени құндылықтарды сақтау, археологиялық кешендерді қорғау және насихаттау ісі – Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында қолға алынған маңызды бағыттардың бірі. Бұл бағыттағы жұмыстар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмалары мен Жолдаулары негізінде жүзеге асырылып, Парламент пен Үкімет тарапынан қолдау табуда. Археологиялық жаңалықтар мен тарихи жәдігерлер елдің мәдени мұрасының байлығын арттырып қана қоймай, оның әлемдік мәдени кеңістіктегі орнын нығайтуға ықпал етеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *